«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ Қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыру
2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің № 355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-де (бұрын Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйі) Қамқоршылық кеңесін құру бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
Бұйрықтың 2 - тарауының 6) тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, Қарағанды облысы білім басқармасына Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19 үй, 12 кабинет мекенжайы бойынша «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына енгізу туралы жазбаша өтініштерді ұсынуды сұраймыз, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7212) 42-09-97.