АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Қ.Нұржанов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауданы, Жидебай селолық округі,Сәуле ауылы, Ақтоғай ауданына 80-жыл көш., №1 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  2. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Ә.Болғанбайұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., Жидебай селолық округі, Үшарал ауылы, Бәйтерек көш., №2 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  3. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «М.Ержанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., Қарабұлақ селолық округі, Нарманбет ауылы, А.Құнанбаев көш., №1 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  4. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Ж.Ақбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., «Қараменде би» селолық округі, Ақтас ауылы, қызмет түрі: білім.
  5. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Сарышаған мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., Сарышаған ауылы, Школьная көш., №24/1, қызмет түрі: білім.
  6. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «С.Ибраев атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., «Қараменде би» селолық округі, Қуаныш ауылы, ақын Кенішбай көш., 26, қызмет түрі: білім.
  7. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Абай ауылы, Бейбітшілік көш., 1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  8. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Сарышаған кенті, Абай көш., 36 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  9. Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., Ақтоғай ауылы, Н.Орманбет көш., №6А ғимарат, қызмет түрі: білім.
  10. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., Жамбыл көш., 50, қызмет түрі: білім.
  11. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қ., Ушаков көш., 8/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  12. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№7 мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., 2 ш.а., 15Б, қызмет түрі: білім.
  13. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласының білім бөлімінің «№13 жалпы білім беретін мектебі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтас к., Бородин көш. 7, қызмет түрі: білім.
  14. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласының білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран к., Чкалов көш. 3/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  15. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Колобок» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Саран қ., Кошевой көш., 1А, қызмет түрі: білім.
  16. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Ә.Ермеков атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қарқаралы қ., Т.Әубәкіров көш., №15 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  17. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Тегісшілдік ауылының №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Тегісшілдік ауылдық округі, Тегісшілдік ауылы, Қаратал көш., №2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  18. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Қызылту ауылының №13 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Бесоба селолық округі, Қызылту ауылы, Қызылту көш., №38 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  19. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Жаңатоған ауылының №14 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Жаңатоған селолық округі, Жаңатоған ауылы, Ұшқын көш., №39 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  20. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Қарағайлы кентінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қарағайлы кенті, Ленин көш., №46 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  21. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Аппаз аулының №18 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қайнарбұлақ селолық округі, Аппаз ауылы, Қ.Сейілхан көш., №12 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  22. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Бақты аулының №21 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Бақты ауылдық округі, Бақты ауылы, Тәуелсіздік көш., №17 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  23. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Ақбай-Қызылбай аулының №24 негізгі орта білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қ.Аманжолов селолық округі, Ақбай-Қызылбай ауылы, Ақбай-Қызылбай көш., №52 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  24. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Абыз аулының №27 негізгі орта білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Бақты селолық округі, Абыз ауылы, Абыз көш., №4 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  25. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Борлыбұлақ аулының №42 негізгі орта білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қырғыз селолық округі, Борлыбұлақ ауылы, Борлыбұлақ көш., №16 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  26. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Жас терек» бөбекжай бақшасы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қарқаралы қ., Ермеков көш., 25, қызмет түрі: білім.
  27. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Қарқаралы ауд., Қарағайлы кенті, 19 орам, 5А ғимарат, қызмет түрі: білім.
  28. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Чернышевский көш., 106 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  29. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Республика даңғ., 21/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  30. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№19 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., 4 ш.а., 17/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  31. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Абай көш., 34/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  32. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Блюхер көш., 3 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  33. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№32 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Ақтау к., 8 орам., 54А құрылыс, қызмет түрі: білім.
  34. Қарағанды облысы білім басқармасының теміртау қаласы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицей» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Мир көш., 62 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  35. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Сәуле» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Теміртау қ., 6 ш.а., 59/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  36. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау  қаласының білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ.,  7 ш.а., 27А құрылыс, қызмет түрі: білім.     
  37. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «Аққу» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., 4 ш.а., Металлургов даңғ., 26/4 құрылыс, қызмет түрі: білім.     
  38. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Волшебный замок» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., 8 ш.а., 100А құрылыс, қызмет түрі: білім.
  39. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Ақтілек» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Теміртау қ., Металлургтер көш., 67 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  40. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Әдемі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Теміртау қ., С.Сейфуллин көш., 18 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  41. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Айгерім» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Ақтау к., 8 орам, қызмет түрі: білім.
  42. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Теміртау қ., Теміртау көш., 2А құрылыс, қызмет түрі: білім.
  43. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Көктіңкөлі жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Көктіңкөлі ауылы, қызмет түрі: білім.
  44. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) жанындағы интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ақсу-Аюлы аулы, Шортанбай жырау көш., 41, қызмет түрі: білім.
  45. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Қызылқой жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Қызылқой ауылы, Абай көш., 67, қызмет түрі: білім.
  46. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Х.Сәрінжіпұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Төменгі Қайрақты ауылы, С.Ахметұлы көш., 7, қызмет түрі: білім.
  47. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Жарық жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., С.Сейфуллин ауылы, Бейбітшілік көш., 19, қызмет түрі: білім.
  48. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ақшатау ауылы, О.Махметов көш., 1, қызмет түрі: білім.
  49. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Босаға жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Босаға ауылы, К.Айқымбеков көш., 30, қызмет түрі: білім.
  50. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Жұмыскер ауылы, И.Қуанышбаев көш.,1, қызмет түрі: білім.
  51. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Батық жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Батық ауылы, Абай көш., 39, қызмет түрі: білім.
  52. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ортау негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ортау ауылы, С.Сейфуллин көш., 5, қызмет түрі: білім.
  53. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Алтайбаев атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Жарылғап батыр ауылы, Ы.Алтынсарин көш., 4, қызмет түрі: білім.
  54. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «М.Жапақов атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Айғыржал ауылы, Мамыр көш., 40, қызмет түрі: білім.
  55. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Бекет негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Бекет ауылы, Бәйтерек көш., 20, қызмет түрі: білім.
  56. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Әлихан негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Әлихан ауылы, Күшікбай батыр көш., 1, қызмет түрі: білім.
  57. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ақжал негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ақжал кенті, Ы.Алтынсарин көш., 1Б, қызмет түрі: білім.
  58. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Мұхтар негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Мұхтар ауылы, Мектеп көш., 1, қызмет түрі: білім.
  59. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ақбауыр негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ақбауыр ауылы, Достық көш., 36, қызмет түрі: білім.
  60. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ақсу негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ақсу ауылы, Сеңкібай би көш., 11, қызмет түрі: білім.
  61. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Берекетті бастауыш мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Берекетті ауылы, Ақшоқы көш., 24, қызмет түрі: білім.
  62. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Талды жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Талды ауылы, Р.Мажитов көш., 12, қызмет түрі: білім.
  63. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ақжал к., Абай көш., 3А, қызмет түрі: білім.
  64. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., С.Сейфуллин ауылы, Н.Әбдіров көш., 66А, қызмет түрі: білім.
  65. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Қосымша білім беру орталығы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Шет ауд., Ағадыр кенті, С.Мұхамеджанов көш., 21, қызмет түрі: білім.
  66. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Қарой ауылы, Ы.Алтынсарин көш., №29 ғимарат, қызмет түрі: білім.    
  67. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Жараспай жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Жараспай ауылы, Мәдениет көш., 1, қызмет түрі: білім.
  68. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Р.Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Көбетей ауылы, Айтуғанов көш., 2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  69. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Балықтыкөл негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Балықтыкөл ауылы, Балабиев көш., 2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  70. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Ж.Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Құланөтпес ауылы, Ы.Алтынсарин көш., 2 ғимарат, қызмет түрі: білім.      
  71. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін  мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Заречное ауылы, Ленин көш., 1 ғимарат, қызмет түрі: білім.      
  72. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Байтуған жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Байтуған ауылы, Әуэзов көш., 29, қызмет түрі: білім.      
  73. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Алтын бесік» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Қайнар ауылы, Сарыарқа көш., 8А, қызмет түрі: білім.
  74. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Балқаш қ., С.Сейфуллин, 20, қызмет түрі: білім.
  75. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Балқаш қ., Қоңырат к., Алтынсарин көш., 11, қызмет түрі: білім.
  76. Қарағанды облысы білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., С.Сейфуллин көш. 30, қызмет түрі: білім.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшысы (директоры) үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде 2 жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Шағын жинақты мектептердің басшысы (директоры) үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл; және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды білуге міндетті.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл; немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл; арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл; және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуге міндетті.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы үшін: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;   осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысы (директоры) үшін:  "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;утизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism)-орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін; осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері

Білім беру ұйымы қызметінің барлық түрлеріне оның жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын және өзге де актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс уақытын есепке алу табелін бекітеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасын, аумақтарды дамыту бағдарламасын, білім беру ұйымының даму стратегиясын және Қарағанды облысы білім басқармасының өзге де бағдарламалық құжаттарын сақтауға дербес жауапты болады.

Мектепке дейінгі ұйым басшысының лауазымдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп қағидаларының сақталуын бақылайды. МдҰ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбие-білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. OOP бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға, оның ішінде кедергісіз орта құруға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

Арнайы білім беру (түзету) ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады. Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.

Лауазымдық жалақының мөлшері:

- мектепке дейінгі ұйым басшысына 189,216 теңгеден 230,096 теңгеге дейін.

- орта білім беру, қосымша білім беру ұйымының басшысына 199,728 теңгеден 242,165 теңгеге дейін.

- облыстық білім беру ұйымының басшысына 223,088 теңгеден 270,587 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

 12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі.

 Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
Дата публикации
18 января 2023