2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары

2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру,оның іске асырылумониторингі және нәтижелерінбағалау қағидалары шеңберінде 2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары жарияланады

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша                                                           

 

 

2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың

тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы

Жоспарланған қаржы көлемі

(мың теңге)

 

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Алғашқы (дәрігерге дейінгі)  және кезек күттірмейтін  шұғыл көмек көрсету тәсілдерін меңгеру бойынша білім беру ұйымдары жағдайында білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету саласында педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды ұйымдастыру

 

 

 

10 млн.тг

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-vi ҚРЗ кодексі;

«ҚР азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін бекіту туралы»

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығы негізінде

 

 

Жалпы білім беретін мектептердің педагогтері

Педагогтердің өздері мен зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын ескере отырып, білім алушыларға алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетуге дайындығы; ағзаның тіршілік әрекетінің негізгі көрсеткіштерін айқындау және алынған деректерді түсіндіру; техногендік қирау, өрт, жазатайым оқиға және т. б. кезіндегі қауіпті жою әдістерін практикалық қолдану.

Жалпы қамту- 10 мың педагог

2

«Көшпенділер маршруттары» білім беру мектептерінің оқушыларымен туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру

 

11,2 млн. тг.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысы;

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен оқушылары

Өскелең ұрпақ арасында кіші Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу бағытында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, туристік және өлкетану қызметіне қызығушылықты арттыру.

Жалпы қамту- 340 оқушы

3

Колледж студенттері, сондай-ақ Қарағанды және Теміртау қалаларының жоғары сынып оқушылары арасында никотиндік және есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу

 

12 млн. тг.

ҚР 2022 жылғы 3 шілдедегі №326

«Қазақстан Республикасындағы бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотропты заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, есірткі, психотропты заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімiн бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №470 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар» туралы  қаулысы негізінде

Қарағанды, Теміртау қалалары мектептерінің жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері, облыстың білім беру ұйымдарының педагогтары мен ата-аналары

 

Салауатты өмір салтын, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Колледждер мен мектептердің білім алушыларының ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жалпы қамту - 16 мың студент, 6 мың мектеп оқушылары, 3 мың педагог  пен 2000 ата-ана

4

Оқушылар арасында бейәлеуметтік мінез-құлыққа  төзбеушілікті қалыптастыру

6 млн.

Қазақстан Республикасының 2007жылғы27 шілдедегі 319-ІІІ «Білім тралы» Заңы негізінде.

 

Облыстағы полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі байқалады (6 айда өсім 32,6%, 43-тен 57-ге дейін; 10 айда өсім 8%, 75-тен 81-ге дейін).

білім беру ұйымдарының балалары мен жасөспірімдері

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқыққа қайшы әрекеттердің және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу.

Жалпы қамту  - 10 мың бала мен жасөспірімдер

5

Тәрбие үдерісіндегі өзгерістерге және қазіргі аудиторияның-педагогтердің, оқушылардың, ата - аналар қауымының қажеттіліктеріне байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, басым әлеуметтік маңызы бар тәрбие бағыттары бойынша медиа-кеңістік құру.

10,8 млн.

ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 726

ҚР «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы қаулысы;

 

ҚР 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» туралы бұйрығы

 

 

 

 

 

Білім беру ұйымдарының білім алушылары,  педагогтері,

 ата-аналар қауымы

 

Қоғамдық сананы жаңғырту.

Сұранысқа ие жаңа

әлеуметтік-психологиялық

ұлттық бірегейлік, мәдени контекстті, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және табысты шығармашылық тұлғаны сақтаумен  жоғары маңызды мінез-құлық стандарттары.

Білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік кеңістігінің әлеуетін кеңейту, білім алушылардың жеке басының өзекті қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру.

 

Барлығы:

50 млн.

 

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2022