Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық комиссияның 2022 жылғы 29 қарашадағы №1 хаттамасының үзіндісі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық комиссияның 2022 жылғы 29 қарашадағы №1 хаттамасының үзіндісі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 20-тармағында айқындалған құзыретіне сәйкес ұсынылған құжаттар мен мектепке дейінгі ұйымға бару негізінде комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Әдемі» компаниясы» бөбекжай-балабақша» ЖШС ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес медициналық лицензияның болмауы (3 топтан асатын мектепке дейінгі ұйымдар үшін міндетті талап, яғни 75 бала, ал өтініште 180 бала көрсетілген) және де «Әдемі» компаниясы» бөбекжай-балабақша» ЖШС жалдау шартының негізінде меншіктегі немесе өтеусіз пайдаланудағы ғимараты болмағандықтан (ол туралы мәліметтер электрондық-ақпараттық жүйеде болуға тиіс) құжаттары талаптарға сәйкес келмейді деп танылсын.

 

Комиссия хатшысы

Нұрсұлтан Гүлдана Ерболатқызы

 

Дата публикации
29 ноября 2022