АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «№1 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Гагарин көшесі, 1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  2. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің Ақбастау жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Болашақ көшесі, 4 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  3. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Дзержинка жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры,  ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дзержинск ауылдық округі, Сарепта ауылы, Саялы көшесі, 1А құрылыс, қызмет түрі: білім.
  4. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Ақбота мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу ауылы, Центральный көшесі, 18 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  5. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Юбилейный жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Юбилейный ауылы, Мектеп көшесі, 2 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  6. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Есенгелді жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Есенгелді ауылы, Шамшырақ көшесі, 22 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  7. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 12 үй, қызмет түрі: білім.
  8. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Аққу» бөбекжай-бақшасы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 3 ықшам ауданы, 42 үй, қызмет түрі: білім.
  9. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Болашақ әлемі» бөбекжай-бақшасы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 8 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  10. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Дубовка жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылы, Школьная көшесі, 21, қызмет түрі: білім.
  11. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Қараған негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Жаңа Қараған кенті, Сахалинская көшесі, 4 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  12. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «АК-159/5 түзету мекемесі жанындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Солтүстік Қараған бөлімшесі, 017 есеп кварталы, 8 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  13. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің Топар кентіндегі «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылы орталығы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Сейфуллин көшесі, 7, қызмет түрі: білім.
  14. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№14 мектеп-гимназиясы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Бюрюзов көш., 22А, қызмет түрі: білім.
  15. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№15 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Сатыбалдин көш., 19, қызмет түрі: білім.
  16. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Восток-2 ш.а., 10/2, қызмет түрі: білім.
  17. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№25 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., 23 ш.а., №5/3 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  18. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№73 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Узловая көш., 29, қызмет түрі: білім.
  19. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№46 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Достық көш., 119, қызмет түрі: білім.
  20. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№4 мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Солнечная көш., 2А, қызмет түрі: білім.
  21. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Ақбөпе» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Пассажирская көш., 7, қызмет түрі: білім.
  22. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Алданыш» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., 17 ш.а., қызмет түрі: білім.
  23. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Бақыт» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ермеков көш. 81, қызмет түрі: білім.
  24. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., 13 ш.а., ғимарат 20/1 қызмет түрі: білім.
  25. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Бәйтерек» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ермеков көш., 106/3, қызмет түрі: білім.
  26. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Достық көш., 127а/1, қызмет түрі: білім.
  27. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Батыр» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Бирюзов көш. 23, қызмет түрі: білім.
  28. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Гүлнұр» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Аюпов көш., 33А, қызмет түрі: білім.
  29. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Лобода көш., 44, қызмет түрі: білім.
  30. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Мерей» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ержанов көш., 33/2, қызмет түрі: білім.
  31. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Тілек» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Степной-4 ш.а., 2А ғимарат, қызмет түрі: білім.
  32. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№2 оқушылар сарайы» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., 141 есептік орам, №690 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  33. Қарағанды облысы білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., С.Сейфуллин көш. 30, қызмет түрі: білім.
  34. Қарағанды облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Чернышевский көш. 106А, қызмет түрі: білім.
  35. Қарағанды облысы білім басқармасының «№5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры, мекеменің орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Абай ауданы, Абай қ., Гагарин көшесі 1,қызмет түрі: білім.
  36. Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 облыстық оңалту орталығы» КММ директоры, мекеменің орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Сейфуллин көш., 30 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  37. Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ директоры, мекеменің орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Аманжолов көшесі, 92 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  38. Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қаласының білім бөлімінің «№ 12 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, 14 шағын ауданы, 6А ғимарат, қызмет түрі: білім.
  39. Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі,19 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  40. Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Жеңістің 40-жылдығы көшесі,69Б ғимарат, қызмет түрі: білім.    
  41. Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 40А ғимарат, қызмет түрі: білім.
  42. Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Әубәкір Ысмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі,119 ғимарат, қызмет түрі: білім.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшысы (директоры) үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде 2 жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Шағын жинақты мектептердің басшысы (директоры) үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл; және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды білуге міндетті.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл; немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл; арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл; және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуге міндетті.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы үшін: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;   осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысы (директоры) үшін:  "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;утизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism)-орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін; осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері

Білім беру ұйымы қызметінің барлық түрлеріне оның жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын және өзге де актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс уақытын есепке алу табелін бекітеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасын, аумақтарды дамыту бағдарламасын, білім беру ұйымының даму стратегиясын және Қарағанды облысы білім басқармасының өзге де бағдарламалық құжаттарын сақтауға дербес жауапты болады.

Мектепке дейінгі ұйым басшысының лауазымдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп қағидаларының сақталуын бақылайды. МдҰ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбие-білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. OOP бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға, оның ішінде кедергісіз орта құруға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

Арнайы білім беру (түзету) ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады. Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.

Лауазымдық жалақының мөлшері:

- мектепке дейінгі ұйым басшысына 155158, 45 теңгеден 183031,22 теңгеге дейін.

- орта білім беру ұйымының басшысына 158 874 теңгеден 192 631 теңгеге дейін.

- қосымша білім беру ұйымының басшысына 155 158, 45 теңгеден 183 031,22 теңгеге дейін.

- арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысына 175 443, 63 теңгеден 201 334,34 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42.

 

 

 

 

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
16 ноября 2022