АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Чернышевский көш., 106 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  2. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Байсеитова көш., 7 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  3. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицей» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Мир көш., 62 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  4. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№32 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., Ақтау к., 8 орам, 54А құрылыс, қызмет түрі: білім.
  5. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№19 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., 4 ш.а., 17/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  6. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Сәуле» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Теміртау қ., 6 ш.а., 59/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  7. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау  қаласының білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ.,  7 ш.а., 27А құрылыс, қызмет түрі: білім.     
  8. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «Аққу» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., 4 ш.а., Металлургов даңғ., 26/4 құрылыс, қызмет түрі: білім.     
  9. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Волшебный замок» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Теміртау қ., 8 ш.а., 100А құрылыс, қызмет түрі: білім.
  10. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Ақтілек» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Теміртау қ., Металлургтер көш., 67 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  11. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Әдемі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Теміртау қ., С.Сейфуллин көш., 18 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  12. Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласының білім бөлімінің «Айгерім» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Ақтау к., 8 орам, қызмет түрі: білім.
  13. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., Жамбыл көш., 50, қызмет түрі: білім.
  14. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қ., Ушаков көш., 8/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  15. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№7 мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., 2 ш.а., 15Б, қызмет түрі: білім.
  16. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ.,  Ақтас к., Космическая көш., 11 құрылыс, қызмет түрі: білім.     
  17. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласының білім бөлімінің «№13 жалпы білім беретін мектебі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтас к., Бородин көш. 7, қызмет түрі: білім.
  18. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласының білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран к., Чкалов көш. 3/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  19. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Колобок» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Саран қ., Кошевой көш., 1А, қызмет түрі: білім.
  20. Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Краснонива негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Красная Нива ауылы, Школьная көш., 1А, қызмет түрі: білім.     
  21. Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Ақөре негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Ақөре ауылы, Первомайская көш., 6, қызмет түрі: білім.
  22. Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Доскей ауылының «Мирас» балалар өнер мектебі» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Доскей ауылы, Доскей көш., 14, қызмет түрі: білім.
  23. Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Баймырза ауылы, Гагарин көш., 20, қызмет түрі: білім.
  24. Қарағанды облысы білім басқармасы Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Ынтымақ негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Ынтымақ ауылы, Ынтымақ көш., 14, қызмет түрі: білім.     
  25. Қарағанды облысы білім басқармасы Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Ақжар негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Құрылыс ауылы, Ы.Алтынсарин көш., 7, қызмет түрі: білім.
  26. Қарағанды облысы білім басқармасы Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Самарқанд ауылы, Ленин көш., 35, қызмет түрі: білім.
  27. Қарағанды облысы білім басқармасы Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Ғ.Мұстафин кентінің балалар музыкалық мектебі» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Бұқар жырау ауд., Ғ.Мұстафин ауылы, Бейбітшілік көш., 13, қызмет түрі: білім.
  28. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Қарой ауылы, Ы.Алтынсарин көш., №29 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  29. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Жараспай жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Жараспай ауылы, Мәдениет көш., 1, қызмет түрі: білім.
  30. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Р.Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Көбетей ауылы, Айтуғанов көш., 2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  31. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Балықтыкөл негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Балықтыкөл ауылы, Балабиев көш., 2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  32. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Ж.Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Құланөтпес ауылы, Ы.Алтынсарин көш., 2 ғимарат, қызмет түрі: білім.      
  33. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін  мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Заречное ауылы, Ленин көш., 1 ғимарат, қызмет түрі: білім.      
  34. Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің «Алтын бесік» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Нұра ауд., Қайнар ауылы, Сарыарқа көш., 8А, қызмет түрі: білім.
  35. Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қаласының білім бөлімінің «№ 12 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, 14 шағын ауданы, 6А ғимарат, қызмет түрі: білім.     
  36. Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі,19 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  37. Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Жеңістің 40-жылдығы көшесі,69Б ғимарат, қызмет түрі: білім.
  38. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауданы, Есіл ауылы, Школьная көшесі, 60, қызмет түрі: білім.
  39. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауданы, Батпақ ауылы, Садовая көшесі, 34, қызмет түрі: білім.
  40. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№20 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауданы, Мирное селосы, Школьная көшесі, 1, қызмет түрі: білім.
  41. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылы, Школьная көшесі, 10, қызмет түрі: білім.
  42. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№30 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауд., Ақпан ауылы, Верхняя көш., №5, қызмет түрі: білім.
  43. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№31 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауд., Центральное селосы, Почтовая көш., №2, қызмет түрі: білім.
  44. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№32 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауд., Ошағанды ауылы, Надречная көш., №1, қызмет түрі: білім.
  45. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№35 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауд., Степное селосы, Центральная көш.,1, қызмет түрі: білім.
  46. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Мектепаралық оқу-өндірісітік комбинаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауд., Трудовое селосы, Бакинская көш., №5, қызмет түрі: білім.
  47. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Осакаров ауд., Сарыөзен селосы, Центральная көш.,10, қызмет түрі: білім.
  48. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Приозерск қ., Кисунько көш. 7А, қызмет түрі: білім.
  49. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балақай» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Приозерск қ., Жеңіс бульвары, 32/2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  50. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Балқаш қ., С.Сейфуллин, 20, қызмет түрі: білім.
  51. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Балқаш қ., Қоңырат к., Алтынсарин көш., 11, қызмет түрі: білім.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды білуге міндетті.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін:  жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл; немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл; арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл; және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

Білуге міндетті:  ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуге міндетті.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы үшін: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;   осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері

Білім беру ұйымы қызметінің барлық түрлеріне оның жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын және өзге де актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс уақытын есепке алу табелін бекітеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасын, аумақтарды дамыту бағдарламасын, білім беру ұйымының даму стратегиясын және Қарағанды облысы білім басқармасының өзге де бағдарламалық құжаттарын сақтауға дербес жауапты болады.

Мектепке дейінгі ұйым басшысының лауазымдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп қағидаларының сақталуын бақылайды. МдҰ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбие-білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. OOP бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға, оның ішінде кедергісіз орта құруға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

 

Лауазымдық жалақының мөлшері:

- мектепке дейінгі ұйым басшысына 155158, 45 теңгеден 183031,22 теңгеге дейін.

- орта білім беру ұйымының басшысына 158 874 теңгеден 192 631 теңгеге дейін.

- қосымша білім беру ұйымының басшысына 155 158, 45 теңгеден 183 031,22 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама  үшін  телефон: 41-22-42

 

 

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
18 августа 2022