АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ  азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Гүлдер ш.а., Сатыбалдин көш.,5, қызмет түрі: білім.
  2. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Ақбөпе» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Пассажирская көш.,7, қызмет түрі: білім.
  3. Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Алпамыс бөбекжайы» Қарағанды қ., Коцюбинский көш., 25 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  4. Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Теректі станциясының №6 негізгі орта мектебі» КММ директоры,  ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Жезқазған қ., Теректі ст., Алтын Орда көш., 23, қызмет түрі: білім.
  5. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Балқаш қ., Қоңырат пос., Русаков көш., 1А, қызмет түрі: білім.
  6. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., Жамбыл көш., 50, қызмет түрі: білім.
  7. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қ., Ушаков көш., 8/1 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  8. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№7 мектеп-интернаты» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., 2 ш.а., 15Б, қызмет түрі: білім.
  9. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК директоры, орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ., Победа көш., 72 құрылыс, қызмет түрі: білім.
  10. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Колобок» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері:ҚР Қарағанды обл., Саран қ., Кошевой көш., 1А, қызмет түрі: білім.
  11. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран  қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Саран қ.,  Ақтас к., Космическая көш., 11 құрылыс, қызмет түрі: білім.     
  12. Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласының білім бөлімінің «№13 жалпы білім беретін мектебі» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Ақтас к., Бородин көш. 7, қызмет түрі: білім.
  13. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Приозерск қ., Кисунько көш. 7А, қызмет түрі: білім.
  14. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балақай» бөбекжайы» КМҚК директоры, ұйымның орналасқан жері: Қарағанды обл., Приозерск қ., Жеңіс бульвары, 32/2 ғимарат, қызмет түрі: білім.
  15. Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Қызылжар жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, ұйымның орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Жаңаарқа ауд., Қызылжар к., Байдаулетов көш., 1 үй, қызмет түрі: білім.
  16. Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК директоры, мекеменің орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Жаңаарқа ауд., Түгіскен ауылы, Ы.Жұмабков көш., 18/1, қызмет түрі: білім.
  17. Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ директоры, мекеменің орналасқан жері: ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ., Аманжолов көшесі, 92 ғимарат, қызмет түрі: білім.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар ЖОО оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Білуге міндетті:  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды білуге міндетті.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл ЖОО оқытушыларының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Білуге міндетті:  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуге міндетті.

Арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысы (директоры) үшін: арнайы педагогика" мамандығы бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жылдан кем емес, арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес;

      Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің санатының болуы.

Білуге міндетті:  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Қосымша білім беру ұйымдары үшін: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі сонғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес; Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, педагогика және психология, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері

Білім беру ұйымы қызметінің барлық түрлеріне оның жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын және өзге де актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс уақытын есепке алу табелін бекітеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Кадрлар мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасын, аумақтарды дамыту бағдарламасын, білім беру ұйымының даму стратегиясын және Қарағанды облысы білім басқармасының өзге де бағдарламалық құжаттарын сақтауға дербес жауапты болады.

Мектепке дейінгі ұйым басшысының лауазымдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп қағидаларының сақталуын бақылайды. МдҰ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбие-білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. OOP бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға, оның ішінде кедергісіз орта құруға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитарлық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен байланысты, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беруді (Растауды) жүргізеді. Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.   Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық объектілерінің қатысуымен енгізеді.Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Қосымша білім беру ұйымы басшысының (директоры) лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

      Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.

      Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.

     Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

      Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

      Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

      Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.

      Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

      Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

      Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.

      Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Лауазымдық жалақының мөлшері:

- мектепке дейінгі ұйым басшысына 155158, 45 теңгеден 183031,22 теңгеге дейін.

- орта білім беру ұйымының басшысына 158 874 теңгеден 192 631 теңгеге дейін.

- арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысына 175 443, 63 теңгеден 201 224, 34 тенгеге дейін.

- қосымша білім беру ұйымының басшысына 158 874 теңгеден 192 631 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар төменде көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 100008, Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 кабинет, анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронды пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;

10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады.

зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар,

тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).

Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.

Бірінші басшының уақытша бос немесе бос лауазымының міндеттерін атқару осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына және (немесе) осы білім беру ұйымының педагогына конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін үш айдан аспайтын мерзімге жүктеледі. Білім беруді басқару органы бірінші басшының міндетін атқарушы лауазымын одан әрі атқаруға бас тартқан немесе қабілетсіз болған жағдайларды қоспағанда, Бірінші басшының уақытша бос немесе бос лауазымының міндеттерін атқаруды бір реттен асырмай жүктеу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 кабинет, анықтама  үшін  телефон: 41-22-42.

Дата публикации
10 марта 2022