«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Орналасқан орны (мекен-жайы): 100000, Қарағанды қаласы, Кирпичная көшесі, 8а, тел. (7213) 919311.
Лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге) |
|
|
бастап |
дейін |
|
|
А1-2 |
152 106 |
184 491 |
"Қарағанды техника-құрылыс колледжі" КММ IT бағыттағы мамандарды, құрылысшыларды, сәулетшілерді, дизайнерлерді, электромонтаждаушыларды, жиһаз жинақтаушыларды, электргазбен дәнекерлеушілерді және техник-механиктерді дайындайды. Колледжде "Тақтайшалармен қаптау", "Кірпіш қалау", "Сырлау жұмыстары", "Құрғақ құрылыс", "Сантехника және жылыту", "Электр монтаждау жұмыстары", "Витринитистика және мерчендайзинг" , "Флористика" және "Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану және басқару" құзыреті бойынша WorldSkills құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. "Ғимараттар мен құрылыстарды салу", "Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)", " Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)" мамандықтары бойынша дуалды оқыту енгізілді.
2015 жылдан бастап колледж барлық мамандықтар бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда.Колледж қазақ және орыс тілдерінде 9 және 11 сыныптар базасында оқуға қабылдайды.
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл; оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 жыл; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де НҚА талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.
Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 ««Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде қабылданады.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеуінің сертификаты;
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қосымша конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми жетістіктері туралы материалдарды ұсынады. Зерттеу, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттар, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат (олар болған кезде).
Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6) 7), 8) 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Тиісті ақпараттық жүйелер 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін жадынамамен таныстырады. Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100000, Қарағанды қ., Ә. Әлиханов көш., 19. Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 каб., анықтама үшін телефон: 41-22-42, эл. kadr.otdel-kadr@yandex.ru.