Қарағанды облысы білім басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы білім басқармасының

2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын

бекіту туралы

 

 

2008 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – Қарағанды облысының білім басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін:

001 "Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" 1 қосымшаға сәйкес;

003 "Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру" 2 қосымшаға сәйкес;

005 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізу " 3 қосымшаға сәйкес;

006 "Мамандандырылған ұйымдарда дарынды балаларға жалпы білім беру" 4 қосымшаға сәйкес;

007 "Облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу " 5 қосымшаға сәйкес;

011 "Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациялық көмек көрсету " 6 қосымшаға сәйкес;

012 "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу " 7 қосымшаға сәйкес;

015 "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру " 8 қосымшаға сәйкес;

024 "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" 9 қосымшаға сәйкес;

029 "Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу" 10 қосымшаға сәйкес;

037 "Әлеуметтік оңалту" 11 қосымшаға сәйкес;

052 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау" 12 қосымшаға сәйкес;

055 "Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру" 13 қосымшаға сәйкес;

057 "Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" 14 қосымшаға сәйкес;

067 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" 15 қосымшаға сәйкес;

068 "Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруды қамтамасыз ету" 16 қосымшаға сәйкес;

079 "Ауыл-Ел бесігі "жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру" 17 қосымшаға сәйкес;

081 "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту"  18 қосымшаға сәйкес;

082 "Жалпы білім беру " 19 қосымшаға сәйкес;

083 "Ауылдық жерлерде балаларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру" 20осымшаға сәйкес;

084 "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау " 21 қосымшаға сәйкес;

086 "Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер" 22 қосымшаға сәйкес;

087 "Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері " 23 қосымшаға сәйкес;

092 "Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағу" 24 қосымшаға сәйкес;

200 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және оларда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру" 25 қосымшаға сәйкес;

202 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру" 26 қосымшаға сәйкес;

203 "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру" 27 қосымшаға сәйкес.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Қарағанды облысы

білім басқармасының басшысы                                       Г. Кожахметова

 

 

«Келісілді»

Қарағанды облысы

қаржы басқармасының

басшысы

__________Л.В.Башарина

«____» ______________ 2021 жыл

БП 2022-2024
Дата публикации
24 декабря 2021