Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша облыстың білім беру ұйымында мынадай кемшіліктер анықталды.
Осакаров ауданының «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК-да жақын туыстарының бірлескен қызмет (жұмыс) мәніне талдау жүргізу кезінде КМҚК-ның күзетші Константиниди К. Д. және кір жуушы Константиниди Г.В. жұмыс істейтіні анықталды, олар балабақша директоры Константиниди А.П. жұбайы және қайын енесі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының
15-бабына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Нұра ауданының білім беру бөлімінің әдіскер-психологы Канатова К.Ж. біліктілік талаптарына сәйкес келмейді, жеткілікті жұмыс өтілі жоқ (3 жылдан кем емес), білімі бойынша психолог. Осылайша, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 13.07.2009 жылғы №338 бұйрығының талаптары бұзылған.
Ақтоғай, Шет аудандарының жекелеген білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ақпараттық стендтерде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері жағдайында азаматтар жүгінуі тиіс органның мекенжайы мен телефоны әрдайым көрсетілмейді.
Баланста тұрған автобустар мен автокөліктерде жекелеген ұйымдарда айырым белгілері (мектеп логотипі) жоқ.
Ішкі талдау жүргізу барысында: істер номенклатурасы, жеке істер, еңбек кітапшалары, қызметкерлердің еңбек шарттары, іс қағаздарын жүргізу (бланкілер, бұйрықтар, бұйрықтарды, еңбек шарттарын тіркеу журналдары, еңбек кітапшаларының қозғалысы, азаматтарды қабылдау) зерделенді, келесі кемшіліктер анықталды.
Қарқаралы, Бұқар Жырау аудандарының кейбір мектептерінде мекеме мен жұмыскерлер арасында жасалған еңбек шарттары ҚР Еңбек кодексінің 28 - бабының талаптарына сәйкес келмейді - 25.11.2015 жылғы ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыскер мен жұмыс берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, құқықтары мен міндеттері, т.б. көрсетілмейді.
Қаражал қаласының мектептерінде ҚР БҒМ -нің 14.06.2010 жылғы № 302 бұйрығының талаптары бұзылып, мектеп қызметкерлерінің өтілін белгілеу бойынша комиссиялар құрылмаған.
Балқаш қаласының балабақшаларында білім және ғылым министрлігінің 27.02.2016 жылғы № 83 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес мекеменің азаматтық қызметшілерімен аттестаттау өткізілмейді.
Қарқаралы ауданында жекелеген қызметкерлердің жеке істерінде сотталмағандығы туралы анықтама, нарколог және психиатр жаңартылмаған.
Еңбек кітапшалары «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 жылғы № 929 бұйрығының талаптарына сәйкес толтырылмайды.
Әскери міндеттілерге Т-2 нысаны бойынша карточкаларды «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жекелеген өтініштерде мемлекеттік қызметті орындауға директордың визасы жоқ, сонымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасы Заңының талаптары өрескел бұзылған.
Қамқоршылық кеңестің қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) регламенттелген.
Қамқоршылық кеңестің отырысында қаралған барлық мәселелер тиісті хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қол қоюға тиіс.
Қағидалардың 28-тармағына сәйкес қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;
2) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;
4) мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға арналған шығыстарды жүзеге асыру.
Қағида ережелері бұзылып Қамқоршылық кеңес хаттамаларына тек төраға мен хатшы қол қояды, білім беру ұйымының сайтында Қамқоршылық кеңестің қызметі туралы ақпарат жоқ.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс - әрекет уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейтіні бекітілген.
Осы түзету енгізілгенге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға ғана қабылдауға тыйым салынған.
Осылайша, қазіргі уақытта бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам квазимемлекеттік сектор ұйымында кез келген лауазымға қабылдана алмайды.
Бұдан басқа, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес квазимемлекеттік сектордың қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда, онымен еңбек шарты бұзылуға жатады.
Бұл ретте, Еңбек кодексінің 53-бабының 12-тармағына сәйкес, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі негізінде шығарылады;
2) соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тармақтардың негізінде тоқтату туралы прокурор бекіткен қаулысы негізінде жүзеге асырылады 3), 4), 9), 10) 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің немесе 36-бабының бірінші бөлігінде қолданылады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған квазимемлекеттік сектор қызметкерімен еңбек қатынастарын тоқтату үшін сот үкімі ғана емес, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату да негіз болып табылады.
ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы ұйымдарда жұмысқа орналасуға келесі қылмыстар бойынша жол берілмейді: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе үкім алған адамдарға (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы.
Теміртау қаласының білім беру ұйымдары бойынша соттылығының болуына байланысты білім беру саласында жұмыс істеуге тыйым салынған 5 адам анықталды.
Сондай-ақ сотталғандығы бар қызметкерлерді негізсіз жұмыстан шығару жағдайлары да орын алған. Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күші жойылды, аталған адамдар жұмысқа қайта алынды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда.