Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс мәні:

        Жергілікті бюджет қаражатынан 2021- 2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурс ұйымдастырушысы: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды  облысының білім беру басқармасы

Пошталық мекенжайы: 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 18-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7212) 41-22-81, 41-22-88

Конкурс туралы ақпарат:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қатысады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары ЖАО-ларға электрондық форматта мынадай құжаттарды:

1)  Қағидалардағы 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;

2) Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

 3) Қағидалардағы 10, 11 қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

*Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының  қосымшаларына сәйкес (2021 жылғы 8 шiлдедегі № 321 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен).

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурстық өтінімді және ақпараттық карталарды g.nursultan@krg.gov.kz немесе gu.nursultan@karaganda-region.gov.kz  электронды мекен жайға сағат 16.00-ға дейін жіберу қажет.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 19-23 шілде аралығында сағат 16.00-ға дейін.

2021-2022 оқу жылына арналған  жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

(жергілікті бюджет есебінен) 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – «Қарағанды облысының білім басқармасы»мемлекеттік мекемесі

п/п

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары тобының коды және атауы

2021-2022 оқу жылына арналған  мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылы/ жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығысы (теңге)

Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар:

20

1010,9/16 848

901/15 017

1.1

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау 

10

1010,9/16 848

901/15 017

1.2

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В017 - Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/16 848

901/15 017

1.3

В018 - Шет тілі мұғалімдерін даярлау

5

1010,9/16 848

901/15 017

2

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар:

5

1 049,3/17 488

922,5/15 375

2.1

6В021 Өнер

В021 -  Орындаушылық өнер

1

1 049,3/17 488

922,5/15 375

2.2

В027 Театр өнері

1

1 049,3/17 488

922,5/15 375

2.3

В028 Хореография

3

1 049,3/17 488

922,5/15 375

 

 

Барлығы:

25

 

 

2021-2022 оқу жылы  жоғары оқу орнынанкейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

(жергілікті бюджет есебінен)

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі

п/п

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

2021-2022 оқу жылына арналған  мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жылына 1 дәрігер-резидентке жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

7R011 Денсаулық сақтау

Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың

15

1939,9

1398,9

2

Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың

20

1939,9

1398,9

3

Педиатрия

10

1939,9

1398,9

4

Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың

10

1939,9

1398,9

5

Неонатология

10

1939,9

1398,9

6

Шұғыл медицина ересектердің, балалардың

10

1939,9

1398,9

 

 

Барлығы

75

1939,9

1398,9

 

Дата публикации
19 июля 2021