«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй беру туралы ереже

«Қарағанды облысының білім басқармасы»  ММ-нің  тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй беру туралы ереже

 

Осы «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің  тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - Басқарма) қызметкерлері (педагогтары) арасында қызметтік тұрғын үйлерді бөлу және пайдалану қағидалары мен тәртібін реттейді.

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Ереженің күші Басқарманың қарамағындағы тұрғын үйлерге (Басқарманың тұрғын үй қоры) қолданылады.

Басқарманың тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй қызметкерлерге «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 16.04.1997 жылғы  № 94-1 Заңына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес беріледі.

1.2. Басқарманың тұрғын үй қорынан тұрғын үй Басқарманың тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне 3(үш) жылға дейінгі мерзімге беріледі.

 

  1. Тұрғын үй комиссиясының Басқарма қызметкерлеріне (педагогтеріне) қызметтік тұрғын үй беруі

 

           2.1. Қызметтік тұрғын үйді бөлу үшін осы Ереженің негізінде әрекет ететін және Басқарма басшысы бекіткен тұрақты комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

           2.2. Комиссияның қарауына тұрғын үйге мұқтаж Басқарма қызметкерлерінің (педагогтарының) өтініштері беріледі. Қызметкерлердің (педагогтердің) өтініштерін комиссия күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

          Қызметтік тұрғын үй беру туралы өтінішті қарау үшін басқарма қызметкерлері (педагогтары) Басқарма комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:       

         - білім беру ұйымынан қолдаухат;

         - қызметтік тұрғын үй беру туралы өтініш;

         - өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;

         - өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама;

         - отбасы жағдайы туралы куәліктердің (некені қию, бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы куәліктің) және балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері;

         - өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің негізгі қызмет орны бойынша тиісті аумақта жылжымайтын мүлікке құқықтарының жоқтығы туралы анықтама (жылжымайтын мүліктің болмауы және болуы туралы ХҚКО анықтамасы);

          - ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес жұмыскерлердің (педагогтердің) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттар болған кезде.

         2.3. Өтініште көрінеу жалған немесе толық емес ақпарат беру өтінішті қараудан бас тартуға әкеледі.

         2.4. Ұсынылған өтініш пен тиісті құжаттардың негізінде Комиссия көпшілік дауыспен шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді. Хаттамада қызметтік тұрғын үй берілетін қызметкер (педагог) туралы қысқаша мәлімет көрсетіледі.

         2.5. Әрбір қызметкермен (педагогпен) қызметтік тұрғын үйді жалдау шарты (1-қосымша)  және тұрғын үйді тапсыру актісі жасалады.

 

  1. Қызметтік тұрғын үйді бөлудің ұйымдастырушылық негіздері

 

          3.1. Қызметтік тұрғын үй бөлу туралы мәселені қарау үшін қызметтік қажеттілікке байланысты жұмыс берушіден тұрғын үй беру туралы жазбаша өтініш, қызметкердің (педагогтің) Басқарма басшысының атына жазылған өтініші негіз болып табылады.

          3.2. Қызметтік тұрғын үйді пайдалану құқығын қарауға жұмыс өтіліне қарамастан қызметкерлердің (педагогтердің) өтініштері қабылданады.

          3.3. Қызметтік тұрғын үй алған қызметкерлер (педагогтар) ай сайын осы қызметтерді жеткізушілерге коммуналдық және басқа да шығындарды төлеуге міндетті.

 

  1. Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану тәртібі

 

         4.1. Еңбек қатынастарын тоқтатқан, оларға қызметтік тұрғын үй берілуіне байланысты қызметкерлер (педагогтар) басқа тұрғын үй берілместен, өздерімен бірге тұратын барлық адамдармен шығарылуға жатады.

         4.2. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеген ерлі-зайыптыларға тұрғын үй берілген жағдайда, олардың біреуін жұмыстан босату тұрғын үй-жайды жалдау туралы Шартты бұзуға әкеп соқпайды.

         4.3. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауға байланысты және өзге де себептер бойынша қызметтік тұрғын үй босатылған жағдайда, тұрғын үй комиссиясы босаған тұрғын үйді тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер арасында қайта бөледі.

         4.4. Қызметкерлер (педагогтар) жеке тұрғын үй алған жағдайда (мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы, жалға алу, ипотека, сатып алу, сыйға тарту және т.б. бойынша) жалға алушы қызметтік тұрғын үйді 3 ай ішінде босатуға міндетті.

         4.5. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үйді жалдау шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң қызметтік тұрғын үй алған қызметкерлер (педагогтар) (жалдаушылар) қызметтік тұрғын үйді бір ай ішінде босатуға міндетті.

 

  1. Комиссия қызметі

 

           5.1. Қызметтік тұрғын үйді бөлу жөнінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда Комиссия олардың шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы. Комиссияның шағымдар бойынша шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

          5.2. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарағанды облысының білім басқармасымен талқылау және шешім қабылдау жолымен жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй беру туралы Ережеге қосымша

 

 

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй-жайды жалға алу

ШАРТЫ

 

Қарағанды қ.                                                                              «       »  ____________        20    ж.

 

 

        Бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын «Қарағанды облысының білім басқармасы»
ММ-сі басшысы Г. Ш. Қожахметованың атынан «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-сі және қызметкер________________ куәлігі № ҚР  ____________ ж. берілген бұдан әрі Жалдаушы (бұдан әрі - Тараптар) тұрғын үй қорынан осы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартын (бұдан әрі мәтін бойынша - тұрғын үй) жасасты және мыналар туралы келісті:

 

1.Жалдау шартының мәні

 

            Жалға беруші Жалға алушыға онда уақытша тұру үшін және оның отбасылар  мүшелеріне ________ көшесі,__ _ _ үй, пәтер   мекен-жайы бойынша пайдалы алаңы _ _ _ метр тұрғын үйді жалға алуға береді.

           1.2. Қызметтік тұрғын үй-жай «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің  білім беру ұйымдарындағы жұмысқа байланысты беріледі.

           1.3. Берілетін қызметтік тұрғын үй-жайдың сипаттамасы, оның техникалық жай-күйі, сондай-ақ ондағы санитариялық-техникалық және өзге де жабдық тұрғын үй-жайдың техникалық паспортында болады.

Жалға алушымен бірге тұрғын үй-жайға оның отбасы мүшелері кіргізіледі:

1._________________________________________________________________________

(жалдаушының отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және онымен туыстық дәрежесі)

2._____________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________________

 

  1. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі

 

          2.1 Тұтынылған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, қоқыс шығаруға, электр энергиясына, байланыс қызметтеріне және тұрғын үй қорын ұстауға арналған шығыстарды (қызмет көрсетуші персоналдың жалақысы және басқа да пайдалану шығыстары) жалдаушы төлейді.

          2.2. Жалға алушы тұрғынжайды, инженерлік желілерді және ортақ пайдаланылатын орындарды техникалық сипаттамаларының нашарлауына, ақауына, мүліктің бүлінуіне, тұрғынжай, үй-жай элементтерінің бұзылуына әкеп соққан тиісінше пайдаланбаған кезде Жалға беруші есепке жазады, ал Жалға алушы келтірілген залалды өтейді.

 

  1. Тараптардың құқықтары

 

          3.1. Жалға берушінің құқығы:

          1) Жалға алушыдан және берілген тұрғынжайда (пәтерде) тұратын оның отбасы мүшелерінен тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдалану қағидаларын, тұрғын үйлерді және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау қағидаларын сақтауды талап етуге құқылы;

            2) жалға алушының немесе жалға алушының кәмелетке толған отбасы мүшесінің келісімі бойынша және қатысуымен берілген тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы үй-жайларының техникалық құрылғылары конструкцияларының жай-күйін қарап-тексеруді жүргізуге;

            3) Осы жалдау шартын «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы ережесінде және осы жалдау шартында көзделген тәртіппен және негіздерде бұзуға;

            4) жалдаушыны және онымен бірге тұратын адамдарды, оның ішінде сот тәртібімен, егер олар тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) мақсаты бойынша жойса немесе пайдаланса, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да жағдайларда екі ай бойы қатарынан шоттар бойынша ақы төлеуден жалтарса басқа тұрғын үй бермей шығаруға, құқылы.

  • Жалдаушының құқығы бар:

            1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі тұрып жатқан отбасы мүшелерін тұрғын үйіне кіргізуге құқылы;

            2) тұрғын үй және оның мүшелері болмаған кезде Жалға берушіге жазбаша хабарлама берілген және тұрғын үйді тікелей ұстауға байланысты қызмет көрсету және тұрғын үй - коммуналдық қызметтер шоттары бойынша төлемдер сомасын төлеген жағдайда  оны пайдалану құқығын  _____ айдан аспайтын мерзімге өзінде сақтап қалуға құқылы;

            3) қажет болған жағдайда Жалға берушіден зерттеп-қарау актісін жасай отырып, берілген тұрғын үйдің (пәтердің), оның ішінде конструкциялары мен техникалық құрылғыларының жай-күйін жоспардан тыс қарап-тексеруді талап етуге міндетті.

 

  1. Тараптардың Міндеттері

 

  • Жалға беруші міндеттенеді:

             1) Жалға алушыға тұрғын үйді белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін күйде беруге;

             2) тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақты пайдаланудың және күтіп-ұстаудың белгіленген талаптары мен қағидаларына сәйкес тұрғын үйді күтіп-ұстауды және жалға берілген тұрғын үйдің (пәтердің) техникалық құрылғыларын бақылауға;

             4.2 Жалдаушы міндеттенеді:

             1) Егер осы жалдау шартының ерекше шарттарында өзгеше ескертілмесе, тұрғын үйді мақсаты бойынша пайдалануға;

             2) тұрғын үйді техникалық жарамды және тиісті санитариялық жағдайда ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізуге,  мүліктің бүлінуіне жол бермеуге;

             3) тұрғын үй-жайларды, жалпы пайдалану орындарын пайдаланудың белгіленген қағидаларын, тұрғын үйлерді және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау қағидаларын, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауға;

            4) суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің ақаулары анықталғаны туралы тікелей осы көрсетілетін қызметтерді берушілерге уақтылы хабарлауға;

            5) тұрғын үйді реконструкциялауды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргізбеуге;

            6) тұрып жатқан тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) басқа жалдаушылармен айырбастамауға;

            7) үй-жайларды үйіп тастамауға, оларда жарылғыш, уытты, орт қауіпті заттар мен заттарды сақтамауға;

            8) күндізгі уақытта, ал авариялар кезінде және түнгі уақытта Жалға берушінің жұмыскерлерін және тұрғын үй элементтерін қарап-тексеру мен жөндеу жүргізу үшін тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі кәсіпорын өкілдерін орналасқан пәтерге жіберуге;

           9) Жалға берушінің немесе онымен бірге тұратын адамдардың кінәсінен болған тұрғынжайдың, ортақ пайдаланылатын жерлердің, тұрғын үйдің және олардың жабдықтарының зақымдануына байланысты келтірілген залалды белгіленген тәртіппен және мөлшерде Жалға берушіге өтеуге;

           10) Жалдаушының уақытша болмауы оны осы жалдау шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды;

            11) қызметтік тұрғын үй - жайдың немесе ондағы санитариялық-техникалық және өзге де жабдықтың ақаулары анықталған кезде оларды жою үшін дереу ықтимал шаралар қабылдауға, ал қажет болған жағдайда олар туралы Жалға берушіге хабарлауға;

             12) осы Шарт бұзылған немесе тоқтатылған кезде қызметтік тұрғын үй-жайды босатуға. Үй-жайды босатудан бас тартылған жағдайда жалдаушы мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылуға жатады.

 

  1. Жалдау шартын жасасу негіздері

 

           5.1. Жалға берушінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй бөлу туралы тұрғын үй комиссиясының хаттамасы осы жалдау шартты  жасасуға негіз болып табылады.

 

  1. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, салдары және тәртібі

 

  • Жалдау шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) жалдау шартының Тараптар белгілеген мерзімі өткеннен кейін;

               2) жалдау шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы Ережесінде, сондай-ақ осы жалдау шартында көзделген негіздер мен талаптар бойынша жол беріледі;

              3) Жалға беруші мен Жалға алушы арасындағы еңбек шартын бұзу жағдайларында;

              4) жалдаушы немесе оның отбасы мүшелері басқа жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайларда тоқтатылады.

              6.2 Жалдау шарты тоқтатылған немесе бұзылған кезде Жалға алушы онымен бірге тұратын барлық адамдармен бірге басқа тұрғын үй-жай берілместен шығарылуға жатады.

              6.3 Жалға алушының өз қаражаты үшін жүргізген, үй-жайдың конструкцияларына зиян келтірмей бөлінбейтін тұрғын үйді жөндеу немесе басқа да жақсарту жалға берушіге тұрғын үймен бірге беріледі және жалға беруші тарапынан өтелуге жатпайды.

              6.4 Жалдау шарты тоқтатылған, бұзылған кезде екі тарап өкілдерінің қатысуымен Жалға берушіден Жалға берушіге тұрғын үйді тапсыру актісі жасалады.

              6.5 Жалдау шарты тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша кез келген уақытта екінші Тарапқа кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертумен бұзылуы, тоқтатылуы мүмкін.

 

  1. Тұрғын үйді қабылдау-беру мерзімдері мен тәртібі

 

       7.1 Жалға беруші Жалға алушыға тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) шешім шығарылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тұрғын үй бөлу және осы жалдау шартын жасасу туралы шарт бойынша береді.

       7.2 Жалға алушы тұрғын үйді тапсыру актісі бойынша шартты тоқтату, бұзу мерзімдері өткен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Жалға берушіге тұрғын үйді береді.

       7.3 Тұрғын үйді тапсыру актісі екі Тараптың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жасалады, жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады және акт жасалған кездегі тұрғын үйдің санитарлық, техникалық жай-күйін және оның басқа да сипаттамаларын тіркейді.

 

  1. Тараптардың жауапкершілігі

 

       8.1 Жалға алушының кінәсінен үй-жайдың кездейсоқ бүліну, бұзылу қаупі Жалға алушыға жүктеледі.

  1. Жалпы талаптар

 

             9.1 Осы жалдау шартын орындау кезінде туындаған Тараптар арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

             9.2 Осы жалдау шарты бірдей заңды күші бар екі данада жасалды және Жалға беруші мен Жалдаушыда сақталады.

             9.3 Жалға алу шартының ажырамас бөлігі: жалға берушіге тұрғын үйді тапсыру актісі болып табылады.

             9.4 Осы жалдау шартына барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жазылса және екі тарап қол қойса, жарамды болады.

 

  1. Жалдау шартының ерекше талаптары

 

10.1 Жалға алушы Жалға берушінің келісімімен жалдау шартының ерекше талаптарын  қарастырады.

 

  1. Басқа шарттар

 

  • Осы жалдау шарты 3(үш) жылға дейінгі мерзімге жасалды.

        11.2 Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі түпнұсқа данада жасалды. Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

        11.3 Осы Шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

 

  1. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

 

Жалға беруші:                                                                                            Жалдаушы:

 

«Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ-сі

100008, Қарағанды қаласы,

Әлиханов көшесі, 19

ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті,

БИН 971240001098

ИИК КZ85070102КSN3001000,

БИК ККМFKZ2А

Дата публикации
22 июня 2021