2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы

2021 жылға арналған сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерінің

ішкі талдауын өткізу жөніндегі

іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қарағанды облысының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
  2. Қарағанды облысының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
  3. Мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау:

1) нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырылады.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Б.Н. Әдекеноваға жүктелсін.

 

Басшы                                                                                            Г. Қожахметова

 

 

 

 

 

Орын. М. Мұқашева

Тел. 215141

 

Дата публикации
27 января 2021