Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарынан 500 педагог, мектепке дейінгі жастағы балалар, ата-аналар және әлеуметтік серіктестер т.б. қатысқан "Әжемнің ертегісі" форумы өткізілді.
Форумның мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттау, мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту (ертегілер, жаңылтпаштар, өлеңдер, мысалдар), өскелең ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тарту мақсатында балалар, ата-аналар мен педагогтердің өзара тығыз әрекетін ұйымдастыру.
ФОРУМ екі бағыт бойынша өткізілді:
Пленарлық отырыс «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстары әдістемелік орталықтарының әдіскерлерінің қатысуымен өтті.
Пікірталас 3 алаңға бөлінді.
Бірінші алаң - «Танымдық-шығармашылық әрекет». Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, ойын кеңістігі мен жабдықтарын қолдану арқылы дамыту.
Екінші алаң - «Әлеуметтік-коммуникативті, тілдік әрекет».
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін кітап мәдениетіне тарту және оқырман сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру, ертегілер, өлеңдер, әндер, театрландырылған іс-әрекет арқылы қазақ тілін үйрену жөнінде өтті.
Үшінші алаң - «Көркемдік-эстетикалық әрекет». Өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру, музыканы, көркем әдебиетті, қазақ халқының фольклорын қабылдау арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу туралы.
Алаңдарда балабақшалар «Әжемнің ертегісі» жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.