2021 жылғы 11 наурыз күні сағат 17.00 де ZOOM режимінде Қарағанды облысының Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің және жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссияларының өкілдерімен онлайн кездесу өтті.

Кездесуге Осакаров ауданының, Сәтбаев, Теміртау қалаларының 11 - сынып оқушылары және ата-аналар қауымдастығы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар 2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларымен және жоғарғы оқу орындарына түсу мәселелерімен таныстырылды, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардың ҰБТ туралы сұрақтарына жауап берілді.