Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы қарашадағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4 - отырысында берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында біздің облыста "Оқуға құштар мектеп" - "Читающая школа" жобасы бастау алды.

Жоба аясында көркем әдебиетті жаңарту мен толықтыруға және мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлуге ерекше көңіл бөлінеді.

Оқуды ынталандыру үшін оқушылар арасында ауқымды конкурстар, акциялар, челлендждер, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Оқу жылының басынан облыс мектептерінде отбасылық - мәдени құндылықтарды дамытуға, оқылған шығармалар бойынша пікір алмасуға, бүкіл отбасымен кітапты талқылау және оқуға бағытталған "Оқу сағаты", "Бір отбасы - бір кітап" акциясы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, мектептерде оқушылар арасында танымал "Bookcrossing" кітап сөрелері орнатылған. Олар өздеріне қызығушылық танытқан әдебиеттерді таңдағанды ұнатады, олардың орнына олар әкеле алады. Буккроссингтің негізгі қағидасы "Оқып болып – басқаларға қалдыр".

"Оқуға құштар мектеп" жобасы 2020-2025 жылдарға арналған.

Дата публикации
01 марта 2021