Есепті кезеңде білім беру саласын қаржыландыру 182 млрд.934 млн. теңгені құрады , оның ішінде білім басқармасының бюджеті 70 млрд. 693 млн. теңге, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің бюджеті 112 млрд. 241 млн. теңге.
2021 жылдың бюджеті жалпы 183 млрд.157 млн. теңге сомасында бекітілді, оның ішінде білім басқармасының бюджеті 70 млрд. 281 млн. теңге, білім бөлімдерінің бюджеті 112 млрд. 876 млн. теңге.
2021 жылдың жаңа коэффициенттерімен еңбекақы төлеуді ұлғайту үшін 1,5 сондай-ақ бюджет құрамында педагогтерге қосымша ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 48 млрд.403 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.
"Жас Маман" жобасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін 8 ұйымға республикалық бюджеттен кпиталдық шығыстарға (жабдық сатып алуға) 2 млрд.373 млн. теңге сомасында қаражат көзделген, сондай-ақ жабдыққа бөлінген соманың 5% - ы немесе 118 млн. теңге шегінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты бар. Қаржыландыру Ережелеріне сәйкес колледждер бұл қаражатты инфрақұрылымды дамытуға пайдаланады.