Қазір Қарағанды өңірінде 52 колледж бар (оның 36-і – мемлекеттік, 16-ы – жекеменшік. Жалпы, колледждер саны бойынша Қарағанды облысы 2-орында, 1-орында – Алматы қ. 100 колледж). Олар 128 мамандық (176 біліктілік) бойынша білім береді.
Еңбек нарығының 50 пайызына жуығы – жұмысшы мамандықтар (барлығы 552 мың, оның ішінде 276 мың; кеншілер, металлургтер, құрылысшылар ж/ә т.б.).
2025-2029 жылдарға арналған 107 инвестициялық жобадан 21 мың жұмыс орындары, өнеркәсіп бағытында 41 жоба бойынша 12 мың жұмыс орындары ашылады.
Бұл жұмысқа өңірдегі ірі кәсіпорындар жұмылдырылған.
62 кәсіпорынмен Жол картасы жасалуда.
Былтырдан бері жетекші 8 бағыт бойынша колледждерді кластерлеуді қолға алдық (құрылыс, көлік, энергетика, тау-кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқалар). Кластеризация колледжей — это процесс группировки учебных заведений на основе сходства их характеристик.
Әр сала бойынша колледждердің облыс мектептерімен және кәсіпорындарымен өзара іс-қимылдар жасауда.
Бұл жоба 3 негізгі бастаманы қамтиды: біріншісі: колледждерді ықпалдастыру, екіншісі: жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, үшіншісі: педагогтардың біліктілігін арттыру, оның ішінде кәсіпорындарда тағылымдамадан өту есебінен.
Колледждерді одан әрі бейімдеу үшін талдау жұмыстары жүргізілді. Бұл барлық академиялық және өндірістік қуаттарды салалық оқу орындарында шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Өңірдің даму перспективаларын анықтау және кадрларды алдын ала даярлау мақсатында халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысының жаңа кәсіптер атласын әзірледі. Кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасын жасау шеңберінде өңір экономикасының 3 басым саласына талдау жүргізілді (тау-кен өнеркәсібі; өндірістік өнеркәсіп (металлургия, металл өңдеу, машина жасау) және, креативті индустрия) және Атлас әзірлеу қорытындылары бойынша облыста 58 жаңа, 33 трансформацияланатын, 20 жоғалып бара жатқан кәсіптер мен құзыреттер анықталды.
Кадрлар даярлау мәселесі колледждерде қажеттілік бойынша жаңа мамандықтар мен біліктіліктер ашу есебінен, ал жеке қажеттілік бойынша - жұмыспен қамту орталығы және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп курстық даярлығы есебінен шешіледі.
Өңірде колледждердің кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынасы жолға қойылған.
Атап айтқанда, «KamaTyresKZ» ЖШС мен «QazTechna» ЖШС, «Татшина» ЖШС, «Qarmet», «Kazakhmys», «Silk Road Electronics»
Саран қаласын одан әрі аумақтық дамыту мәселесін шеше отырып, инвестициялық жобалар іске асырылуда. Полиэтилен құбырларын өндіру («КарЗТФ» ЖШС, іске асыру мерзімі: 2025 жылғы IV тоқсан), ыстық мырыштау зауытын салу(«Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС, іске асыру мерзімі: 2025 жылғы ақпан), тік тігісті болат құбырлар өндірісі («ТЭМПО Қазақстан» ЖШС, іске асыру мерзімі: 2025 жылдың І тоқсаны), Тұрмыстық техника өндірісі (Samsung) («Silk Road Electronics» ЖШС және «Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС) Оңтүстік Корея, іске асыру мерзімі: 2025 жыл).
Мұнымен қоса, дуалды оқыту әдісі жаппай енгізілуде. Колледждердегі Қамқоршылық кеңестер құрамына 300-ден астам ірі және орта кәсіпорын өкілдері енгізілді («Qarmet», «Kazakhmys», «QazTehna», «KamaTyresKZ», «Silk Road Electronics» және басқалар).
Бұл кәсіпорындар өздеріне қажетті мамандарды дайындауға тікелей атсалысып, алдағы уақытта біздің түлектердің түгел жұмыспен қамтылуына кепіл болады (қазір – 88%).
Бұған қоса, моноқалаларда және ауылдық жерлерде орналасқан колледждерге ерекше назар аударып отырмыз. Былтыр Балқаш және Теміртау қалаларындағы колледждерді ірілендіру жұмысын жүргіздік. Бұл кадрларды даярлау сапасын арттырып, колледждерді моноқаналардың экономикалық қажеттілігіне орай бейімдеуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы осы екі ірі колледжде жергілікті сұранысқа сай қосымша су шаруашылығы, туризм бойынша заманауи зертханалар ашылады.
Сонымен қатар, студенттер саны аз ауылдық колледждердің базасында кәсіптік бағдарлаудан бастап, ересектерді оқытуды қамтитын орталық құруды жоспарладық.
Әр бағыт бойынша тірек колледждер бекітілді, олардың негізінде 2 заманауи құзыреттілік орталығы және 10 шеберхана ашылады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы мектеп оқушылары арасында жүргізіліп келеді. Ол үшін профильді сыныптар құру жұмыстары басталған (2024 жылы – 65 – агро, 94 – медициналық, 60 – педагогикалық, 16 – IT сынып). Биыл қызмет көрсету, авто, агро, құрылыс, ІТ және басқа да бағыттар бойынша тағы 50 профильді сынып ашылады.
Кәсіптік білім ошақтарының халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуде биыл Теміртау және Қарағанды қалаларында орналасқан екі жоғарғы политехникалық колледжді халықаралық аккредиттеуден өткізу мәселесі пысықталуда.
Мұнымен қоса, Қытай, Германия, Турция, Финляндия және тағы басқа елдермен тәжірибе алмасуды жолға қою бағытындағы жұмыс басталып кетті.
2025 жылғы 3-7 ақпан аралығында 2 колледж Минск қаласы колледждерімен тәжірибе алмасып, мемарандумға қол қою үшін жолданды. 2025 жылы 24 ақпанда облыс колледжінің 18 маманы халықаралық тәжірибеден өту мақсатында Қытай Халық Республикасына болып қайтты. 2 колледж директоры халықаралық тағылымдамадан өту үшін Жапония мемлекетіне іс сапарға барып қайтты.
Техникалық және кәсіптік білім берудің басты бағытының бірі өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеріп, жаңа мамандықтарды енгізу.
Ол мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында былтыр Саран қаласындағы колледжде резино-техникалық және шина өндірісі бойынша мамандықтар ашылды.
Биыл күзде «Полимерлік өндіріс», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Газбен жабдықтау», «Гидротехникалық құрылыс» және «Гидротехникалық мелиорация» мамандықтарына студенттер қабылдаймыз.
Бұған қоса, колледждерде шағын кәсіпорындар құру, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру, салалық отрядтар, бригадалар құру бойынша бірқатар жобалар жоспарланған.
Анықтама: көктемде «Жас Skills Қарағанды-2025», сондай-ақ, алғаш рет «Бөбек Skills» кәсіби шеберлік конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оқушыларға арнап жергілікті кәсіпорындарға экскурсиялар, «мансаптық апталар» ұйымдастырылады. Сәуір айында Теміртау қаласында «Болашақ – біздің қолымызда» атты студент жастар арасында республикалық форум өткіземіз. Бұл форум жастарды ерте бастан бір кәсіпті игеруге бейімдеуге арналады.
Жазда колледждер базасында балаларға арналған профильді лагерьлер ұйымдастырылады.
Жоспар бойынша жас мамандар мен студенттердің қатысуымен «WorldSkillsKazakhmys 2025» чемпионаты және Жұмыс берушілер форумы өткізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың да кәсіп үйренуіне жағдай жасалған. Колледждер базасында арнайы ресурстық оқу орталықтарын құруды қолға алдық.
Анықтама: «Абилимпикс» байқауын өткізу арқылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге ықпал етеміз. Өңірдің жетекші компанияларында түрлі кәсіби сайыстарда жүлделі орын алған 50 үздік түлек өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Түрлі себептермен мамандығын өзгертуге шешім қабылдаған ересектерге де жаңа кәсіп үйренуге жағдай жасалып келеді. Ол үшін «Жұмыс тап» жобасы бойынша 2024 жылы 339 адам оқытылса, 2025 жылы 150 адамды оқыту жоспарланып отыр. Жоба аясында оқыту колледждер базасында жүзеге асырылады.
Мұнымен қоса, түлектерді мамандығы бойынша жұмыспен қамту үлесін арттыру үшін дәстүрлі бос орындар жәрмеңкелерінің форматы өзгереді (2024 жылы - 132 жәрмеңке, 689 адам жұмысқа тұрды). Енді олар жыл бойы әр сала бойынша көшпелі түрде барлық өңірлерде колледждердің базасында ұйымдастырылады (оған 1700 астам жұмыс беруші жұмылдырылады).
Сонымен қатар, аймақта кешенді медиа-жоспар әзірленді. Колледж директорлары, оқытушылар, еңбек ұтқырлық орталықтары, еңбек әулеттері, зауыт, өнеркәсіптік кәсіпорындар директорлары және т.б. арасынан бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат ұйымдастыру үшін спикерлер мен сарапшылардың тізімі анықталды. Жұмысшы мамадықтары жылында атқарылатын іс-шаралар бойынша видеороликтер, инфоргафикалар әзірленіп, әлеуметтік желілерде таратылуда. Апта сайын колледждерде еңбек адамы, мамандар даярлау бойынша теледидар тілшілерімен түсірілімдер ұйымдастырылуда. Әрбір колледж өз сайттары мен әлеуметтік желіде жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге арналған бейнематериалдар жариялауда. Кәсіптік бағдар беру бойынша және өңірдің ірі кәсіпорындарының қызметін насихаттауға бағытталған пресс-турлар өткізілуде.
«Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерге шыға отырып кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүруде.
Республикада «Жұмысшы мамандықтары жылының» ашылуына арналған 2025 жылғы 11-15 ақпан аралығында өтетін көрмеге қатысуға облыстың 3 колледжі даярылық жүргізуде.
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі (электриктер үйі, робототехниктер үйі), Теміртау жоғары политехникалық колледжі(металургтер үйі), Қарағанды технико-құрылыс колледжі(тас қалаушылар мен плиткашылар үйі).
Колледждерде білім алуға жылдан жылға сұраныс артып келеді. Биылғы оқу жылында жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс 20 пайызға, яғни 1100 орынға көбейіп, 9200-ден астам грантты құрады.
Жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбек адамының жағымды имиджін қалыптастыру, сондай-ақ жастарды осы салада оқуға және еңбектенуге тарту мақсатында өткізілетін шаралар мен бағдарламалар бойынша жыл бойы маңызды іс-шаралар атқарылатын болады.