Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер және басқа да өзекті мәселелер бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Тұрғындардың өтініштері бойынша мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, бірқатар мәселелерді жедел шешу қажеттілігі атап өтілді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдауға және нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды жұмыс бағыты.
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету, цифрландыру, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және мемлекеттік құпияларды қорғау, туризмді дамыту және туристік индустрия бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және ai.aitmaganbetova@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. 25 тамыз – 04 қыркүйек аралығы.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.
Таңдау мүмкіндігі арта түседі
Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.
ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.
Барлық ақпарат – бір платформада
Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)
Өтінішті:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.
Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
Бейбіт жиналыстар немесе шерулер өткізуге арналған мамандандырылған орындардың тізбесі
|
№ |
Мамандандырылған орынның атауы |
Уақыты |
Шекті толымдылық |
Жағдайы |
|
1. |
Ленин көшесі бойындағы "Қаланың алғашқы құрылысшыларына" ескерткіш алдында |
22 тамыздан 31 желтоқсанға дейін |
500 адам |
Бос емес |
|
2. |
Калмыкова тұйық көшесінде орналасқан "Металлург" стадионы алаңында |
22 тамыздан 31 желтоқсанға дейін |
500 адам |
Бос емес |
Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы Балқаш-1 станциясының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, №5 қазандықты іске қосу, аумақты абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық жағдай және басқа да маңызды мәселелер көтерілді. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері жұмысқа алынды.
Сонымен қатар қала әкімі Балқаш-1 станциясының аумағын аралап, қазіргі жағдайымен танысты. Қоғамдық кеңістіктер мен назар аударуды қажет ететін нысандар қаралды. Жергілікті жерде анықталған мәселелер бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.
Тұрғындармен тұрақты әрі ашық диалог орнату – өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің маңызды тетігі. Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер мен берілген тапсырмалардың орындалуы әкімнің жеке бақылауында болады.
Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы қаланың ақсақалдары және құрметті азаматтарымен кездесті.
Кездесу барысында қала дамуының алдағы бағыттары талқыланып, аға буын өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі, парасатты пікірі мен туған қалаға деген жанашырлығы қаланың одан әрі дамуына бағытталған шешімдер қабылдауда маңызды орын алады.
Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті. Ақсақалдар мен құрметті азаматтар Балқаштың дамуына қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Айтылған барлық ұсыныстар жан-жақты қарастырылып, алдағы жұмыста ескерілетін болады.
Қаланың өркендеуі – ортақ мақсат. Сондықтан аға буынның ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесіне әрдайым құрметпен қарап, олардың пікірін ескере отырып жұмыс жүргізу маңызды.
Қала әкімі ақсақалдар мен құрметті азаматтарға мазмұнды кездесу, құнды ұсыныстары мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы Қоңырат шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындармен ашық пікір алмасып, оларды толғандыратын мәселелер, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Мұндай кездесулер халықтың нақты сұранысын тереңірек түсінуге және алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Кездесуде көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Барлық айтылған ұсыныстар бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Әрбір мәселе жан-жақты қаралып, оларды заңнама аясында шешу жолдары пысықталатын болады.
Қоңырат – Балқаш қаласының ажырамас бөлігі. Сондықтан шағын ауданның дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.
Тұрғындардың сенімі – үлкен жауапкершілік. Қабылданған әрбір шешім нақты іспен және нәтижемен көрініс табуы тиіс. Басты мақсат – көтерілген мәселелерді талқылаумен шектелмей, оларды кезең-кезеңімен шешу және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.
Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы жұмыс сапары барысында «Балқаш ЖЭО» нысанында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.
Жылу электр орталығы – қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандардың бірі. Сондықтан мұндағы жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуы ерекше бақылауда болуы тиіс.
Нысанды аралау барысында №5 қазандықтың құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысып, жөндеу науқанының қазіргі кезеңін қарап шықты. Жауапты мамандардың қатысуымен дайындық қарқыны, жоспарланған жұмыстардың орындалуы және алдағы міндеттер талқыланды.
Тұрғындардың қыс мезгілін алаңсыз өткізуі үшін барлық дайындық жұмыстары алдын ала және жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Бұл мәселеде формалды көзқарасқа жол берілмейді.
Жылыту маусымына дайындықтың әр кезеңі, жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуы әкімнің жеке бақылауында болады.
Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы жұмыс сапарымен Саяқ кентіне барып, тұрғындарды көп жылдан бері толғандырып келе жатқан ауыз су мәселесінің шешілу барысымен танысты.
Қазіргі таңда кентте ауыз су жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырлары ауыстырылады. Бұл – Саяқ кентінің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба.
Нысанда мердігер ұйым жұмыс жүргізуде. Тұрғындар ұзақ жылдар бойы күткен бұл мәселе сапалы әрі белгіленген мерзімде толық шешімін табуы тиіс. Осыған байланысты мердігер ұйымға жұмыстарды жоғары жауапкершілікпен орындап, құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау тапсырылды.
Жұмыс сапары аясында Саяқ кентінің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Халықпен ашық диалог орнату және тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу – басты міндеттердің бірі.