Балқашэнерго " КМК жаңа директоры тағайындалды"

Балқашэнерго " КМК жаңа директоры тағайындалды"

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде, "Балқаш қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ 2020 жылғы 09 қыркүйектегі №70 бұйрығымен "Балқаш энерго" КМК директоры лауазымына Ахмет Меңдібайұлы Сейітов тағайындалады.

Ахмет Меңдібайұлы 1985 жылы 03 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Батыс Қазақстандағы Жәңгір хан аграрлық-техникалық университетін бітірген, электрмен жабдықтау мамандығы бойынша.

Еңбек жолын 2007 жылы "Батыс Қазақстан электр тарату желілік кампаниясы"АҚ-да тарату желілерінің 3-разрядты электр монтері болып бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін "Батыс Қазақстан электр-желілік тарату компаниясы"АҚ-да техник қызметінен бастап жетекші инженерге дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Uniserv"ЖШС бас энергетигі қызметін атқарды.