Сіздің өміріңізде жаңа дәуір келеді – лайықты демалысқа шығу!

Сіздің өміріңізде жаңа дәуір келеді – лайықты демалысқа шығу!

       

 

           Зейнеткерлік–бұл өмірдің жаңа кезеңі, демалуға, өмір жолын білуге және жаңа нәрселерді жоспарлауға болатын таңғажайып уақыт.

           Біздің бар өміріміз балалық, жасөспірімдік шақ, жастық шақ сияқты белгілі уақыт аралықтарына бөлінеді.             

           Содан кейін зейнетақы төлемін тағайындау үшін құжаттарды дайындауды қажетететін зейнетжасы да келеді.

            2013 жылдың 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы» Заңының (оданәрі-Заң) 11 бабының 1 тармағына сәйкес жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау:

            2001 жылғы 1 шiлдеденбастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

          Бұлреттеәйелдергежасынабайланыстызейнетақытөлемдерінтағайындау:

          2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқатолғанда;

          2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқатолғанда;

          2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқатолғанда;

          2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқатолғанда;

          2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқатолғанда;

          2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқатолғанда;

          2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқатолғанда;

          2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқатолғанда;

          2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқатолғанда;

          2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқатолғандажүргізіледі.

          2020 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнет жасы 59 жас 6 айды құрайды.

           Осы жасқа толған әйелдер зейнетақы төлемін ресімдеуге 2020 жылы кірісуі қажет, себебі 2021 жылы әйелдерге тек 60 жасқа толғаннан кейін тағайындауға жүгінуге құқығы барын ескертеміз. Мысалы, 01.03.1961 жылы туған әйелге 01.09.2020 жылдан бастап 31.12.2020 жылға дейінгі кезеңде жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау үшін жүгінбесе, зейнетке 2021 жылы  60 жасқа толғаннан кейін, яғни 01.03.2021 жылдан бастап шығады.

           Жеңілдік жағдайында зейнетке шығуға құқылы:

        Заңның 11-бап 2 тармағынасәйкес:

           Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақполигонындағы ядролықсынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

        1) ерлер - 50 жасқа толғанда;

        2) әйелдер - 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

        Заңның 11 -бап 3 тармағынасәйкес:

           5 және одан көп бала туған (асырапалған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

           Сіз Әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық-кеңес қызметтерді көрсету бойынша басқармаға (Байланыс-орталығы) қалалық және мобильді телефон арқылы күнделікті сағат 09.00 дан 20.00 дейін 1411 бірыңғай қысқа нөмеріне хабарласып, төмендегі сұрақтар бойынша жүгіне аласыз:

- зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдеу;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру;

- еңбек қатынастары

- халықты жұмыспен қамту;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

            Бұдан басқа, Байланыс-орталығына www.info.mintrud.kz электронды пошта арқылы және www.info.mintrud.kz web-портал арқылы жүгінуге болады.

           Сондай-ақ сіз (Бірыңғай байланыс орталығына) күн сайын сағат 10.00 нан 20.00- ге дейін 1414 бірыңғай қысқа нөмеріне тегін қоңырау шалып, қалалық және ұялы телефондардан (барлық ұялы байланыс операторларынан) қоңырау шала аласыз, сондай-ақ шетелдік қоңыраулардан +77172 – 701-998 қоңырауы төленеді, сонымен қатар сіз www.1414.kz сөйлесу бөлмесінде хабарлама қалдыра аласыз немесе электронды поштаsupport@pki.gov.kz,sd@nitec.kz,crm@nitec.kz (support@pki.gov.kz,sd@nitec.kz,crm@nitec.kz) арқылы жүгінуге болады.

 

 

 

 

 

                                           ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ БОЙЫНША                                           БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМІ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ