Құрметті балқаштықтар!

Құрметті балқаштықтар!

Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мереке 1998 жылдан бастап тойланады, ал 2017 жылы бұл мерекенің ресми күні 5 қыркүйекке ауысты. Бұл күн қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ол латын графикасына негізделген қазақ тіл білімін құрастырып, сондай-ақ қазақ тілі грамматикасының ғылыми терминологиялық негізін қалыптастырды.

Осы уақыт ішінде Қазақстан халқы тілдер күні еліміздің көпұлтты халқы үшін бірлік пен келісімді бейнелейтін маңызды әрі жарқын мерекеге айналды, себебі тіл – достықты орнатудың ең берік делдалы, халықты жақындастыратын ұтымды құрал.

Тәуелсіздік жылдарында біздің тағдырымыз бірікті, біз біртұтас ел болдық және Қазақстандағы дәстүрлі құндылықтарды, өзара құрмет пен толеранттылықты, ұлттық бірегейлікті, салт-дәстүрлерімізді сақтай алдық.
Біздің осы мәселедегі алға басуымыздың негізі - барлық қазақстандықтар үшін біріктіруші фактор - мемлекеттік тілді дамытуға және зерделеуге ерекше көңіл бөлінетін теңгерімді, теңдестірілген тіл саясаты. Бүгінгі таңда қазақ тілін күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қолдану аясы тұрақты түрде кеңеюде. Басқа ұлт өкілдері, әсіресе, жастар мемлекеттік тілді жетік меңгерген.

Сондай-ақ, елімізде 120-дан астам басқа ұлт пен ұлыстың өкілдері үшін оңтайлы лингвистикалық кеңістікті құруға үлкен көңіл бөлінуде. Қазақстанда әрбір азамат ана тілін қарым-қатынас, білім беру, оқыту және шығармашылық үшін еркін пайдалануға құқылы. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Біз кез-келген тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, өзіндік біртұтас әлем, халықтың жаны, дәстүрлер мен мәдениеттің сақтаушысы екенін білеміз. Ұлы Абай: «Өзге халықтың тілі мен мәдениетін білу – адамды сол халықпен тең етеді», - деген. Сондықтан баршаңызды көп тіл білуге шақырамыз, себебі әр тілді меңгерген сайын адамның өзі, оның парасаттылығы мен жүрегі байиды.

Құрметті жерлестер!

Осындай маңызды күні Сіздерге мерекелік көңіл-күй, зор денсаулық, барлық істеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке, ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасына амандық, бейбітшілік пен келісім тілеймін!

Ораз Тәуірбеков, Балқаш қ. әкімі