
Жөндеу жұмыстары кезінде парк ішінен өту тұрғындар үшін қауіпті. Сондықтан, енді кіре берісті полиция бөлімінің 2 патрульдік көлігі қарауылдайды.
Қазір саябақтағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Тастөсеуіштердің 80 пайызы салынып , енді орталық жаяужолдар төселмек. Бұған дейін, аумақта ауыр техника жүргендіктен, бұл жұмыстар сәл кешеуілдеген еді.
Сондай-ақ, енді шағын сәулет нысандар мен субұрқақты орнатуға арналған құрылымдар салына бастайды. Суару жүйесін жүргізу жұмыстары да жалғасын табады.
Жұмысшылардың айтуынша,саябақтағы кеме ойын кешеніне балалар келеді. Ал, мұндағы жөндеу жұмыстары толық аяқталмағандықтан, аймақта ойнау қауіпті.
"Орталық саябақты реконструкциялау бойынша жұмыстарды "Астана Базис - А "ЖШС мердігер ұйымы орындайды. Қазіргі уақытта мұнда шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты біз саябақты уақытша жабамыз", – деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков.