
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты құттықтауымды қабыл алыңыздар. 1 қыркүйек қашанда жарқын оқиғаларға, жаңа бастамалар мен жетістіктерге толы, бұл ғажайып білім әлеміне басталатын жаңа жолдың бастамасы.
Қымбатты балалар, сендердің өмірлеріңде жаңа кезең басталғалы тұр. Пандемия тек ұстаздар үшін ғана емес, сендерге де оқытудың жаңа форматына бейімделуге мүмкіндік беріп отыр. Сендердің жетістіктерің өздеріңнің оқуға деген ынталарыңа байланысты.
Құрметті ұстаздар, қазіргі қоғамдағы басты құндылық оның азаматтарының білімділігі мен оны шығармашылық іс-әрекетке бейімдеу екені белгілі. Біздің балаларымыздың алатын білім сапасы Сіздердің кәсібилігіңіз бен тынымсыз еңбектеріңізге байланысты. Сіздер балаларға келешекте жалпы адамзаттық құндылық, патриотизмнің негізі болатын білім мен тәжірибе бересіздер.
Жаңа оқу жылында көтеріңкі көңіл күй, қызықты әрі жемісті еңбек, шығармашылық табыс пен алға қойған мақсаттарыңызға жетуге тілектеспін.
Балқаш қ. әкімі, Ораз Тәуірбеков