«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоңырат» корпоративтік қоры («Сары Қазына» ЖШС және «Қоңырат» мыс компаниясы» ЖШС құрылтайшылығымен құрылған) бұрынғы Кеден орналасқан үй-жайды 2 млн.840 мың теңгеге сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар жалпы сомасы 30 млн. теңгеге жиһаз және тұрмыстық техника сатып алынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоңырат» корпоративтік қоры («Сары Қазына» ЖШС және «Қоңырат» мыс компаниясы» ЖШС құрылтайшылығымен құрылған) бұрынғы Кеден орналасқан үй-жайды 2 млн.840 мың теңгеге сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар жалпы сомасы 30 млн. теңгеге жиһаз және тұрмыстық техника сатып алынды. Үй-жай «Көмек» дағдарыс орталығына өтеусіз берілетін болады.

«Шаңырақ» отбасыларды қолдау орталығының миссиясы - өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдердің, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, әйелдердің қиын жағдайдан шығуы үшін экономикалық дербестігін және жеке мотивациясын нығайту болып табылады.

Орталыққа түскен балалары бар әйелдер мұнда 10 күн тұрады, сондай-ақ олар тамақпен қамтамасыз етіледі.
Орталықта көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үнемі жаңартылып отыратын интеграцияланған деректер базасы жүргізілетін болады.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға орталықта жүйелі консультациялар, заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар орталықта балалар ойын аймағы ұйымдастырылады, онда аналары кеңес беру мен сабақтарда болған уақытта балалар пайдалы істермен айналысатын болады. Балалармен акварель және саздан мүсіндеу бойынша шеберлік-сыныптар, түрлі үстелдік және қозғалмалы ойындар (шахмат, сурет салу), ағылшын тілінде бірлесіп оқу және үйрену өткізіледі.