
Орталық саябақ ішінде ғашықтарға арналған аллея пайда болады. Қазір жұмыс тобы 4 қалқанды орнатуға кіріскен. Осының әрқайсысына 3-тен әткеншек орнатылмақ. Осылайша, ғашықтар алаңында барлығы 12 әткеншек болады. Әр қалқанның орта тұстарына жайлы отырғыштар қойылады. Ал алаңның қақ ортасына құны 600 мыңды құрайтын ғашықтар фигурасы бекітілмек. Мердігер ұйым басшысы толық жұмыстар келесі айдың ортасына дейін аяқталады деп отыр. Бұл жобаның құрылысы 5 күн бұрын басталды.
⠀
Марат Битусупов – «ПСК Гарант» ЖШС директоры
🗣 «Жерге брусчатка төселеді.Жасанды көгалдан жасалатын фигура алаң ортасына қойылады. Фигураны айнала қоршай 3 жарық шамы орнатылады. Түнгі уақытта жанып, жарық беріп тұрады».