Шаһар басшысы қаламыздың қайырымдылыққа жаны құмар балқаштықтарды марапаттады.

Шаһар басшысы қаламыздың қайырымдылыққа жаны құмар балқаштықтарды марапаттады.

«Жомарт Жүрек» сыйлығы 2017 жылдан бастап беріледі. Бұл жолы марапат 7 балқаштыққа табысталды.

Балқаштық меценат Андрей Сокульскийге әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін осымен 2-ші марапаты табысталды. Ол биылғы жылы ветеринарлық станцияда 17 қаумал салуға демеушілік білдірген. Нәтижесінде, қараусыз жануарларға жаңа баспана табылғанша, уақытша тұрақта ұстауға мүмкіндік туды. Одан бөлек, жануарларды 2 сағатта ұйықтататын пневматикалық қару сатып алды.
⠀
«Қоңырат» мыс компаниясы 2017 жылдан бері 120 млн.теңгені құрайтын 6 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Мекеменің кезекті қайырымдылығы – әйелдерге арналған дағдарыс орталығы. Аталған орталықта аналар балаларымен, жасөспірімдер 10 күн бойы тамақтанып, заңды және психологиялық көмек ала алады.
⠀
Павел Семенченко, «Қоңырат мыс компаниясы» ЖШС басшысы:
🗣 «"Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қаламызда ПТР-тестілеу зертханасын ашу туралы шешім қабылданды. Коронавирустың екінші толқыны күтілуде. Сондықтан, бұндай іс-шаралар маңызды болып саналады. Келесі аптада орталық ауруханаға біз сатып алған дизель генераторы жеткізіледі. Ендігі кезекте, электр энергиясын тоқтаусыз беру бойынша қиындықтар туындамайды деген ойдамыз».
⠀
«Жомарт Жүрек» сыйлығымен марапатталғандардың қатарында «Тастемір» құрылыс компаниясының басшысы да бар. Компания басшысы ауған соғысы ардагеріне 3-бөлмелі пәтер сатып алып берді, одан бөлек қаламызда және Шұбар-Түбек кентінде 3,5 мың шаршы метр асфальтты тегін түрде салды. Ал, қайырымдылыққа жаны құмар Анар Адамбекова көл жағалауында сенбілік ұйымдастырса, Маржан Темірғали қала және ауылда тұратын 1000 балаға ағылшын тілінен онлайн түрде білім алуға өз септігін тигізді. Марапат алғандардың қатарында «ПСК Гарант» және «Жастар айлағы» басшылары бар.