«Қазақмыс» корпорациясы балқаштық оқушылар үшін қала мектептеріне 281 ноутбук пен 58 роутер табыс етті

«Қазақмыс» корпорациясы балқаштық оқушылар үшін қала мектептеріне 281 ноутбук пен 58 роутер табыс етті

«Қазақмыс» корпорациясы балқаштық оқушылар үшін қала мектептеріне 281 ноутбук пен 58 роутер табыс етті. Жаңа оқу жылының қашықтан басталуына орай, бұл құрылғылар оқушылар үшін қайтарымсыз түрде берілуде. Компьютерлер қаламыздағы 13 мектептің әлеуметтік осал топ отбасыларына таратылады. Бүгін білім ошақтарының басшылары оқушыларына тиесілі техникалық жабдықтарын алды.

Гулам Камирдинов – «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС техникалық директоры: «Біздің корпорация осыған дейін орталық ауруханаға медициналық жабдықтар табыс еткен болатын. Кезекті қайырымдылық шарасы жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға арналады. Онлайн жүйеде оқитын, компьютерлік жабдыққа мұқтаж балалар үшін көмек болмақ».

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаштан бөлек, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына да дәл осындай жабдықтар беріп отыр. Үш қалаға барлығы 922 ноутбук пен 201 роутер берілді. Бұл жолғы қайырымдылық шарасына «Қазақмыс» корпорациясы 190 млн тг бөлген.