
Қазақстан бойынша мұндай ойын кешені тек Астана мен Ақтауда ғана бар. Алматыдан келген мамандар бірнеше күн бойы конструкцияны жинауда. Қазірдің өзінде діңгектері (мачта) салынды-олар үшеу, биіктігі 10 метрге жуық.
Материалы: тот баспайтын болаттан жасалған, 7-10% жиһаз ылғалдылығына дейін арнайы өңделген және кептірілген бірнеше қарағай тақталарынан пресстеліп жасалған ағаш.
Барлық бекітпелер мырышталған, бұрыштары дөңгелектелген. Ылғалға төзімді фанерасы тегістелген, суға төзімді қайың шпонынан жасалған.
Жинаушылардың айтуынша, келесі аптада олар жұмыстарын аяқтайды.