Аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялардың мүшелері үшін семинар өтті

Аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялардың мүшелері үшін семинар өтті

Балқаш қалалық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша 2024 жылы 28 қарашада шығып қалған депутаттың орнына іріктеуді дайындау және өткізу шеңберінде Қарағанды облысының сайлау комиссиясының мүшесі Саян Амантайұлы Есмағамбетовтің қатысуымен аумақтық, округтік және №191,192 учаскелік комиссиялардың мүшелері үшін семинар өтті. Семинарда дауыс беруге арналған учаскелердегі жұмыс тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Заңнаманы сақтау және дауыс беру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.