
2020 жылдың қаңтар айында Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбековке "Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы" жүгінген болатын. Олар жұмысшылар кентінде отбасымен бірге тұратын Болатбек Қалибеков туралы айтып берді, азаматтың үйі апатты жағдайда болды, орталық жылыту жүйесіне қосылмаған, ауыз су болмаған. Үйде 1931 жылғы, 1 топтағы мүгедек анасы, ұлы және әйелі тұрған.
Болатбек Қалибеков Ауғанстан Республикасында (05.04.1981 ж. - 01.04.1983 ж.)-"Таш-Қорған"провинциясында әскери қызметін атқарған. Жарақат алған. Жасы ұлғайған сайын денсаулық жағдайы сол жарақаттың салдарынан нашарлауда және қымбат тұратын күрделі емдеуді қажет етеді. "Ауған халқынан алғыс" медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Үкіметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС ДМЦ БМЗ - да 25 жылға жуық уақыт автотиегіш-жүргізуші лауазымында жұмыс істейді.
"Тастемир" ЖШС демеушілік көмегі есебінен Ауған жауынгеріне Мұхамеджанов ш.а, 22 үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алынды. Бүгін Қалибековтар отбасы қала басшысының қолынан пәтер кілтін алды.