
6-дан 12-ші шағын аудандарда ыстық судың болмау себебі, «Балқаш қаласының Самал шағын ауданында (8-12 шағын аудан) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы» (жылу беру желілері) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізілуіне байланысты. Жоба, қолданыстағы магистральдық ыстық су құбырының бір бөлігін D420 мм диаметрінен D530 мм диаметріне ауыстыруды қарастырады, құбырлардың жалпы ұзындығы 2,432 км құрайды.
Қолданыстағы электр желісінің (көшені жарықтандыру), 32 тірегі ыстық су магистральдық құбырын салу орнында орналасқан. Уақытша алынып тасталған электр желісінің тіректері, құбырларды ауыстыру аяқталғаннан кейін, қалпына келтіріледі.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңына барлық қажетті материалдар жеткізілді, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
Ыстық суды қосудың жоспарланған мерзімі - 2020 жылдың тамыз айының аяғына дейін.