«Қызметалушылар күні» іс-шарасы өтті

«Қызметалушылар күні» іс-шарасы өтті

2024 жылдың 15 қазанында сағат 11.00-де Қараменде би көшесі, 15 мекенжайы бойынша Ашық әкімдік ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен Балқаш қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырған «Қызметалушылар күні» іс-шарасы өтті.
Іс-шара шеңберінде азаматтарға сәулет және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша жеке қабылдау және консультациялар көрсетілді. Кеңес алуға 10-нан астам адам келді.