
📌 Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.
Электрондық пошта мекенжайы: i.beisekova@karaganda-region.gov.kz
Байланыс телефоны: 8/7212/50-38-73 (ішкі 6324).
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
📌 Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:Балқаш қаласының кәсіпкерлері үшін: «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100300, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 11-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: blhop@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71036) 45257, 40332;
📌 Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2024 жылғы "4" қазаннан 2024 жылғы "10" қазанға дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press?lang=kk