Құрметті балқаштықтар!

Құрметті балқаштықтар!

Құрметті балқаштықтар!
Бұған дейін Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков хабарлағандай, халықпен тікелей эфирге жергілікті атқарушы органдардың мамандары да қосылуда. Біз "сұрақ-жауап" айдарын онлайн форматқа аударамыз. Осы аптадан бастап күн сайын тікелей эфирге сұрақтар мен өтініштер көп болатын бөлім мамандары шығады, сұрақтар толығымен жойылғанға дейін. Бір сағат ішінде сіздер көкейкесті сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Спикерлер тақырыптардың өзектілігіне қарай өзгеріп отырады.

Ертең сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін @balqash_qalasy_akimdigi парақшасында тікелей эфирді ТКШ бөлімі басшысының меңгерушісі Нұрболат Бөлеген өткізеді. Сіз тұрғын үй комиссиясы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, баспана алуға кезекке тұру, ол кезектің категорияларға бөліну тәртібі жайында біле аласыз.

Сағат 18.00 - ден 19.00-ге дейін тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Салауат Баймағамбетов тікелей эфирге қосылады. Оған қызмет көрсететін ұйымдардың (КСК) жұмысына байланысты сұрақтар қоюға болады. Егер КСК өз жұмысын толық көлемде орындамаса, не істеу керектігін, көп қабатты үйлердің төбесімен, жертөлемен және т.б. байланысты проблемалық мәселелерді қалай шешу керектігін білесіз.

Сіздерде бізге қояр сұрақтың көп екенін білеміз және олардың барлығын бірден шешеміз деп айта алмаймыз. Алайда, өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды және жоспарлы түрде, біртіндеп шешіледі.