
Василий-біздің халқымыздың мақтанышы, өзінің еңбегімен және табандылығымен әлемдік спорт аренасында қазақстандық туды көтерген адам. Мен чемпионға спорттың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін және еліміздің жас спортшыларына берген шабыты үшін шын жүректен алғыс айттым.
Ризашылығымыз бен құрметіміздің белгісі ретінде Василийге дәстүрлі қазақ шапанын кигізіп — оның ұлы жетістіктері үшін алғыс айттық. Біз оның жеңістерімен мақтанамыз және жас ұрпаққа үлгі болып қала беретініне кемел сенеміз!
Балқаш жолбарысы-біздің мұрамыз, мақтанышымыз және мәңгілік чемпионымыз!