Қала әкімі Ораз Тәуірбеков Балқашта «Құрбан айт» мерекесінің қалай өтетінін еске салды.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков Балқашта «Құрбан айт» мерекесінің қалай өтетінін еске салды.

Аптасына екі рет өткізілетін «Әкім сағаты» тікелей эфирі бүгін 15.00 де басталып, 1 сағаттан астам жүргізілген болатын. Қала басшысы Балқаштағы эпидемиологиялық жағдайға қысқаша тоқталып, сөзін ертеңгі күні келетін қасиетті мерекеге бұрды.

Ораз Тәуірбеков – Балқаш қ.әкімі: "31 шілдеде құрбан айт мерекесі басталады. Осыған байланысты, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Қаулыға байланысты – ас беру және басқа да жиналу шараларына қатаң тиым салынды. Сондай-ақ, қала көшелерінде көліктермен мал сатуға жол берілмейді. 31 шілдеден 2 тамыз аралығында мобильдік топтар бақылау жасайтын болады. Қаламызда мал сою үшін бір орын – ет комбинатының аумағы бекітілген. Малдар да сол жерде сатылады. Құрбандық шалуға көп адам келуге болмайды және барлық санитарлық талаптарды сақтау қажет. Баршаңызды түсіністікпен қарауға шақырамын.Құрбан айт мерекесі құтты болып, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!"