
Жеңіс Қасымбек Президентке Қарағанды облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Коронавируспен Ауырудың төмендеу тенденциясы байқалады, сауыққан пациенттердің саны өсуде. Жалпы жағдай тұрақтануда. Төсек орындар, дәрі-дәрмектер қоры құрылды.
Тұрғындардың стационарларға, емханаларға және жедел жәрдемге жүгіну саны азаюда.
Қазір өңірде провизорлық және инфекциялық госпитальдарда 4 427 төсек орын бар, оның ішінде 1 746 орында науқастар ем алып жатыр. Инфекциялық стационарлардағы жүктеме үлесі - 38%, провизорлықта - 42%.
Госпиталь ретінде қонақ үйлер де, жоғары оқу орындарының жатақханалары да тартылған болатын. Олар консервацияланады. Дегенмен COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда науқастарды орналастыра алатындай етіп материалдық-техникалық жабдықтар сол жерде қалады.