
30 мамырда сағат 17-де Қараменде би 15, Ашық әкімдік ғимараты мекен-жайы бойынша «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, Ұйымдастырушылар ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының әділет департаменті, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қарағанды облысының адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінен тегін кеңес ала алады. Олардың арасында адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері бар.