Балқаштағы перзентхана заманауи аппаратармен жабдықталды

Балқаштағы перзентхана заманауи аппаратармен жабдықталды

Балқаш көпсалалы ауруханасының перзентханасында жоғары сапалы кардиотокография жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи мониторлар пайда болды. Сондай-ақ, жаңа туған нәрестелердің өмірлік көрсеткіштерін бақылау үшін мониторлар сатып алынды.
Жүкті әйел мен құрсақтағы сәбидің жағдайын диагностикалау үшін арнайы мониторлар қажет. Олар жатырдың жиырылуын тиімді түсіреді және баланың қозғалыс белсенділігін, жүрек соғу жиілігінің көрсеткіштерін көрсетеді.