Балқашта "Қамқор" қайырымдылық қоры ашылды

Балқашта "Қамқор" қайырымдылық қоры ашылды

Шаһарымызда «Қамқор» қайырымдылық қоры ашылды! Бауыржан Мұқашев, Жанболат Ақашев, Анар Адамбекова, Гүлжан Маканалина, Мейрам Орымбаев және Жәнібек Самтырбай бастаған жомарт жандар ендігіде қаламызда қайырымдылық жобаларды жүзеге асырмақ. Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанда игі іс бастай отырып, балқаштықтар, әсіресе басқа да аттары аталмаған кәсіпкерлер Наурыз мейрамы «Көрісу күні» мерекелік кештің куәсы болды. Шарада шаһар басшысы Сапар Сатаев сауапты істің басы-қасында жүрген жандарға сәттілік тілеп, қайырымдылық қорды ресми түрде ашық деп жариялады.
Ізгілік пен мәрттікті алға тартқан жаны жайсаң жақсылар ендігіде қалада мұқтаж әр жанға қол ұшын созуға дайын.
Қайырымдылық қордың директоры Бауыржан Мұқашев бұл бастаманың негізі сонау ауыр індет жылы болып танылған 2020 жылдан басталғанымен бөлісті. Сауапты іске жұмыла кіріскен басқа да жандар, кәсіпкерлер алғыс хатпен марапатталды.
Алғашқы күнде «Қамқор» қорына 200 мыңға жуық қаражат жиналды. Алдағы уақытта талай асар асу, белестер бар дейді негізін қалаушылардың бірі Жанболат Ақашев. Мәселен, қоғамдық тамақтану желісінің иесі әр сатылған кофе болсын, донердің 10 теңгесін тікелей үздіксіз «Қамқор» қорына аударып отыратынын жеткізді. Бұның барлығы ресми түрде құжатпен бекітілген.