Назар аударыңыздар!!!

Назар аударыңыздар!!!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды: 2024 жылғы 19-22 наурыз аралығында облыс аумағында құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.
Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында "Баршаның назарына!" дабылы бойынша техникалық тексеру кезеңінде күн сайын 12 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары кезектесіп іске қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.