Жаңа жалдамалы пәтерлердің кілті берілді

Жаңа жалдамалы пәтерлердің кілті берілді

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында "Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы О. Мәдіғалиев, "халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебінде тұрған Балқаш қаласының 19 тұрғынына Балқаш-1 станциясындағы № 33/2 үйде жаңа жалға берілетін пәтерлердің кілттері табыс етті.

Аталған тұрғын үй-жайлар азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алынды.

6 жетім бала, 3 мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы, "1 және 2 топтағы мүгедектер" санаты бойынша 5 адам, 3 толық емес отбасы, сондай-ақ жасына байланысты зейнеткер және Ауғанстандағы қимылдарына қатысушы жаңа пәтер алды.

2024 жылдың наурыз айының соңына дейін халықтың әлеуметтік осал топтарына тағы 17 пәтер беру жоспарланған.