Барлық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймыз!

Барлық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймыз!

Қадірлі ағайын!
Мұсылман әлемінің ең бір қастерлі мерекесі - қасиетті Рамазан айының келуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан - береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы, иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.
Рамазан айының негізгі ерекшелігі - адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырады.
Құрметті жерлестер!
Қасиетті Рамазан айындағы баршаңыздың тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, баршаңызға жақсылық тілеймін.