
Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні, Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылында жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Әкімнің турнир-кубогы өтті. 17 команда оның ішінде 350-ден астам спортшы қатысты. Жаттықтырушы Дүйсетай Мағдидің басшылығымен құрылған Балқаштық команда бірінші орын алып, бұл жолы Ақтоғай ауданының әкімінің екінші кубогын жеңіп алды.
Біздің батырларымызды құттықтаймын! Қаламыздың болашағы үшін, бағындыратын биік белестеріңіз көп болсын!