Қалалық әкімдікте Ауғанстандағы соғыс қимылдарының ардагерлерімен кездесу өтті.

Қалалық әкімдікте Ауғанстандағы соғыс қимылдарының ардагерлерімен кездесу өтті.

Оның барысында ауған соғысының ардагерлеріне қатысты проблемалық мәселелер қаралды. Шешуді талап ететін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер, емдеу және медициналық оңалту, бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтар өткізу үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту, жас спортшылардың өңірлік және халықаралық деңгейдегі жарыстарға сапарларын қаржыландыру және т.б. міндеттер кірді.

Жиналыс барсында екі ардегерге қаладан пәтер табыстырылды. "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы" ҚБ төрағасы Бауыржан Мұхамедиев аталған қоғамдық бірлестік мүшелерінің проблемаларына назар аударғаны үшін С.Сатаевқа алғысын білдірді.