
Бүгін әкімдік ғимаратында, қаламыздың, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ардагерлерлерімізді 75 жас мерейтойымен құттықтау рәсімі өтті.
Мерейтой иелері Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушы - Ерлан Ражанұлы Набиев және мемлекеттік қызмет ардагері - Жазибек Қасабекұлы Аманбеков.
Ардагерлерді қала әкімі Сапар Сатаев құттықтады.
«Сіздерді 75-жас мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат,, ұзақ ғұмыр, жас ұрпақ тарапынан зор құрмет тілейміз. Өмірлеріңізде қуаныш пен шатыққа толы жарқын күндер, жаңынызда жүрегіңізге жақын да ыстық адамдар көп болсын!», - деді Сапар Сатаев.
📎