Балқаштық құтқарушылар төрт балықшыны құтқарды

Балқаштық құтқарушылар төрт балықшыны құтқарды

Балқаштық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары төрт балықшыны құтқарды. Ер адамдар су айдынына балық аулауға шығып, өз бетінше жағаға орала алмаған. Төтенше жағдай 12 қаңтар күні сағат 17:00-де Ақтоғай ауданының «Балқаш-9» ауданында орын алды.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы «Хивус» жоғары жылдамдығы бар су көлігімен барған. Кешкі сағат 20:30-да жүзу құралының көмегімен үш балықшыны құтқарып, әрі қарай Тораңғалық кентіне жеткізді. Жолда құтқарушылар мұздың жарылуы салдарынан жағаға жете алмаған тағы бір балықшыға көмек көрсетті.