
Аталған рәсімді тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары келді. Қала әкімі Сапар Сатаев балқаштықтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Балқаштықтар жаңа жылдық шеруге қатысып, бас шыршамыздың шамдары жағылып, отшашулар атылды. Жаңа жылдық іс-шара әртістердің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Жаңа жылдың кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар шығып, келе жатқан Жаңа жылмен балқаштықтарды құттықтады. Халық ертегілерінің кейіпкерлері, қуанышты балалар мен олардың ата-аналары бүкіл қаланы жаңа жылдық көңіл-күйімен безендірді.