
Балқаш қаласы әкімдігінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесу өтті.
Ашық диалог форматында ата-аналарымен бірге денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт бөлімдері қатысты. Ата-аналарға өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Ерекше балалардың өміріне қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жоспары жасалды. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады.